Кафедра меңгерушісі


«Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасы


Хмырова Елена Николаевна

Қарағанды техникалық университетінің (ҚарТУ)

Маркшейдерлік іс және геодезия кафедрасының меңгерушісі

Маркшейдерлік іс және геодезия кафедрасында 1988 жылдан жұмыс істейді. 1987 жылы «Маркшейдерлік іс» мамандығы бойынша ҚПТИ бітірді, 25.00.16 – «Тау-кен өнеркәсібі және мұнай-газ кәсіпшілігі геологиясы, геофизика, Маркшейдерлік іс және жер қойнауының геометриясы» мамандығы бойынша техника ғылымдарының кандидаты.

ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, ҚарМТУ Құрметті қызметкері, 2014 жылғы Үздік оқытушы, Тау-кен ғылымының үздігі, «Құрметті геодезист» медалімен марапатталған, ҚР БҒМ грамоталарына, Астана қаласы Құрылыс істері жөніндегі Комитетінің Алғыс хаттарына ие.

ҚР БҒМ ұсынған 3 оқулықтың, ҚарМТУ Ғылыми кеңесі ұсынған 18 оқу құралының, 4 патенттің авторы. 250-ден астам ғылыми еңбектері мен жарияланымдары, оның ішінде 12 зияткерлік меншік куәлігі бар.

Картографиялық, геодезиялық және геоақпараттық технологиялар саласында үш деңгейлі білім беру кәсіптік даярлауға көшу жағдайында «Геодезия және картография» ББ, «Цифрлық аэрофототүсірілім» ББ, «Маркшейдерлік іс» ББ, «Жерді қашықтықтан зондтау»ББ білім беру бағдарламаларының әзірлеушісі.

Байланыс деректері

Мекен-жайы: Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56, II корпус, 419 кабинет

Қызметтік телефоны: 8(7212) 56-26-27

E-mail: hmyrovae@mail.ru

Жеке мәселелер бойынша қабылдау уақыты: бейсенбі сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін

 

Ғылыми еңбектері

Без рубрики