2020 жылдың 13 қарашасы күні Қарағанды техникалық университетінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасының  аясында  «Дүниеге келер әлі талай Қасым» атты университеттің  жас ақындары арасында жыр мүшайрасы онлай жүйесінде өтті


2020 жылдың 13 қарашасы күні Қарағанды техникалық университетінің қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының меңгерушісі  Қ.С Қалыбекова және аға оқытушылары М.Ә.Хасен, Ш.А.Жетпісбай, Ғ.М.Әбілқасовтың ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының  аясында  «Дүниеге келер әлі талай Қасым» атты университеттің  жас ақындары арасында жыр мүшайрасы онлай жүйесінде өтті.

Мүшайраның мақсаты: Ақиық ақын Қасым Аманжоловтың әдеби жыр мұрасын студент жастар арасында насихаттай отырып, қазіргі қазақ поэзиясының өркендеп алға дамуына ықпал ету, жас ақындардың шығармашылығына қолдау көрсетіп, Тәуелсіз қазақ елінің жетістіктерін қасиетті өлең құдіреті арқылы жыр сүйер өскелең ұрпаққа дәріптеп, жеткізу.

Мүшайраға Қарағанды техникалық университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректоры, PhD докторы Құттыбай Мирас Жанатбекұлы, жастар ісі жөніндегі комитеттің бас маманы Агибаева Сәуле Жоламановна қатысты. Университетіміздің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Құттыбай Мирас Жанатбекұлы сөз алып, жас ақындарға сәттілік, ақ жол тілеп жыр  мүшайрасын ашып берді. Қазылар алқасының мүшелері: Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, белгілі ақын, шығармашыл жастардың Халықаралық фестивалінің лауреаты, Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығының маманы Асқаров Қайрат Белгібайұлы; филология ғылымдарының кандидаты, профессор Әубәкіров Нұрлыбек Маманұлы;  Республикалық ақындар айтысының жеңімпазы, айтыскер ақын Рымбай Нұрсұлтан Жағыпарұлы мүшәйраға  қазылық етті. Мүшайра қоржынына 15 ақынның өлеңдері келіп түскен еді. Қазылар алқасының сараптауы арқылы 8 ақын мүшәйраға қатысуға рұқсат алды. Ақындар үш тақырыпқа өлең жазды. 1.  Отан  — туған жер. 2.тақырып Қасымға  арнау. 3. Еркін тақырып. Қазылар алқасының шешімімен бас бәйгені тау — кен факультетінің студенті Жолдас Әсемай, бірінші орынды жол көлігі факультетінің студенті Астабиева Айнұр, екінші орындарды инновациялық технологиялар факультетінің студенттері  Дүйсенбек Айман, Айтбай Назерке, үшінші орынды тау — кен факультетінің студенті Ағзамов Елдос, инновациялық технологиялар факультетінің студенті Аманов Бекзат, бірінші курс студенті Мақсұтбек Дильназ иеленді.

 

 

Без рубрики