«Машина жасау» 8D07101, «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» 8D07102 білім беру бағдарламалары және 6D071200 «Машина жасау», 6D071300 «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандықтары бойынша «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ жанындағы диссертациялық кеңесте 8D07102 «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» білім беру бағдарламасы бойынша Аманбаев Сабит Шаяхметұлының философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындаған «Төменгі деңгейдің негізгі қасиеттерін ескере отырып, модульдік жол өтпесін есептеу және құрылыстарын әзірлеу» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Қорғау тілі: орыс тілі.
Диссертациялық жұмыс «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ-тың «Көлік техникасы және логистикалық жүйелер» кафедрасында орындалған.
Ресми рецензенттер:
- Кунаев Вячеслав Александрович – PhD, қауымдастырылған профессор, «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ Ғылым және инновациялар департаментінің директоры, Теміртау қ., Қазақстан Республикасы;
- Бақыт Ғабит Бақытұлы — PhD, Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT университетінің «Жылжымалы құрам» кафедрасының ALT профессоры, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
Ғылыми консультанттар:
- Ганюков Александр Анатольевич – PhD, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ «Механика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы;
- Суюнбаев Шинполат Мансуралиевич – техника ғылымдарының докторы, «Теміржолды пайдалану жұмысын басқару» кафедрасының профессоры, Ташкент мемлекеттік көлік университеті, Ташкент қ., Өзбекстан.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Молдаханов Бекболат Аскерханұлы – PhD, «Европлюс Восток» ЖШС директоры, Өскемен қ., Қазақстан Республикасы;
- Бестембек Ербол Серіқұлы – техника ғылымдарының кандидаты, «Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасының меңгерушісі, «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ, Теміртау қ., Қазақстан Республикасы;
- Баурова Наталья Ивановна – техника ғылымдарының докторы, профессор, «Автомобильдер мен жол-құрылыс машиналарын өндіру және жөндеу» кафедрасы, Жол және технологиялық машиналар факультетінің деканы, «Мәскеу автомобиль-жол мемлекеттік техникалық университеті (МАДИ)» ЖББ ФМБМ, Мәскеу қ., Ресей Федерациясы.
Қорғау 2026 жылғы 8 шілдеде сағат 13:00-де «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ-тың «Машина жасау» 8D07101, «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» 8D07102 білім беру бағдарламалары және 6D071200 «Машина жасау», 6D071300 «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандықтары бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекенжайы: 100027, Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56.
Қорғау орны Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы бас корпус, 238 аудитория (Zoom платформасында онлайн режимде де өткізіледі (идентификациялық нөмірі: 938 054 8821, кіру коды: 1953).
Сайттың мекенжайы: www.kstu.kz
Диссертация мазмұны бойынша бейресми пікірлерді қорғау барысында ұсыну үшін диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы Сүлеев Бақтияр Даниярұлының электрондық поштасына жолдау қажет: e-mail: b.suleev@ktu.edu.kz