2024-2026 жылдарға арналған жас ғалымдарды мемлекеттік бюджеттік қаржыландыру жобалары бойынша ақпарат


АР22788508 «Ұшқышсыз ұшу аппараттарын және Жерді қашықтықтан зондтауды қолдана отырып, Қазақстанның инфрақұрылымының аса маңызды гидротехникалық объектілерінің жай-күйіне мониторинг жүргізудің әдістемелік тәсілдерін әзірлеу» ғ.ж. Низаметдинов Н.Ф.
Өзектілік
Сындарлы маңызды гидротехникалық құрылыстар су қауіпсіздігін қамтамасыз ету, су ағынын реттеу және аумақтарды тасқыннан қорғауда негізгі рөл атқарады. Олардың көбісі онжылдықтар бойы пайдаланылады және тұрақты бақылауды қажет етеді, себебі аздаған деформациялар да маңызды авариялық жағдайларға әкелуі мүмкін. Дәстүрлі бақылау әдістері бөгеттер мен басқа да құрылыстар құрылымындағы өзгерістерді уақытында бағалауға әрдайым мүмкіндік бермейді, әсіресе үлкен аумақтарда және жетуі қиын жерлерде.

Сурет 1 – Тегістеу жұмыстарын жүргізу
Осы жағдайда заманауи ұшу аппараттары (БПЛА) және цифрлық технологияларды пайдалану қауіпсіздікті арттыру үшін өзекті және қажет құралға айналады.

Сурет 2 – ҰҰА Wingtra One
БПЛА арқылы мониторинг жүргізудің әдістемелік тәсілдерін әзірлеу бақылаулардың дәлдігін арттыруға, еңбек шығындарын қысқартуға және потенциалды қауіпті процестерді ерте анықтауға мүмкіндік береді.
2025 жылдың екінші жартыжылдығына арналған басылымдар тізімі.
Жоба аясында мақалалар дайындалып, Scopus дерекқорындағы жоғары рейтингті журналдарда жариялауға ұсынылды (Q1, Q2).
Зерттеу тобы
1. Низаметдинов Наиль Фаритович, т.ғ. к «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ, PhD., доцент м. а.
ORCID https://orcid.org /0000-0002-8881-1259
Scopus ID 57191986266
2. Ожигин Дмитрий Сергеевич, PhD, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ, PhD., доцент м. а.
ORCID https://orcid.org /0000-0002-2443-3068
Scopus ID 55827717400
Web of Science Researcher IDV-6421-2019
3. Косарев Николай Сергеевич т.ғ. к, ЖАК доцені Чехия Геодезия, топография және картография ғылыми-зерттеу институты, ғылыми қызметкер
ORCID https://orcid.org /0000-0003-1806-3651
Scopus ID 57226373393
Web of Science Researcher IDIZQ-0643-2023
4. Сатбергенова Асель Куандыковна, т.ғ.м., «Геодезия» мамандығының докторанты «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ, т.ғ.м., аға оқытушы.
ORCID https://orcid.org /0000-0001-5806-2827
Scopus ID 5720941133
Web of Science Researcher IDS-5971-2018
5. Ярцева Вера Фаридовна, т.ғ.м., «Тау кен ісі» мамндығының докторанты «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ, т.ғ.м., аға оқытушы.
ORCIDhttps://orcid.org/0000-0003-3015-0280
Scopus ID59914066200
Web of Science Researcher ID OGO-1858-2025
6. Казанцева Виктория Владимировна, т.ғ.м., «Геодезия» мамандығы бойынша кандидаттық дәрежеге үміткер «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ, т. ғ. м, «Геодезия» мамандығы бойынша кандидаттық дәрежеге үміткер
ORCID https://orcid.org /0000-0002-5915-1677
Scopus ID 59552921200
7. Кубайдуллина Улпан Айткужиевна, т.ғ.м. «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ, т. ғ. м. ассистент
ORCID https://orcid.org /0000-0002-2445-5590
8. Байғали Руслан Қанатұлы, т.ғ.м «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ, т. ғ. м. ассистент
ORCID https://orcid.org /0000-0003-4431-2172
2025 жылдың екінші жартыжылдығындағы жеткен нәтижелер:
Бұрын орналастырылған реперлер бойынша Leica DNA03 цифрлық нивелірін пайдаланып екінші серия жоғары дәлдіктегі нивелирлеу жүргізілді, бұл биіктік негіздеуді нақтылап, реперлік желінің тұрақтылығын тексеруге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, объектінің профильдік сызықтары мен сипаттамалық элементтері бойынша тахеометриялық бақылаулар жүргізіліп, нүктелердің пландық жағдайы нақтыланды және кейіннен цифрлық модельдермен салыстыруға мүмкіндік берілді. Реперлерде екі жиілікті Leica GS14 және GS16 қабылдағыштарын пайдаланып екінші статикалық GNSS-өлшемдер циклі жүргізіліп, желінің пландық және биіктік жағдайы нақтыланды және геодезиялық негіздеудің сенімділігі артты.
DJI Mavic 3E БПЛА-мен он серия аэрофотосъёмка жүргізіліп, съемка параметрлері сақталды, бұл уақыт бойынша деректердің салыстырмалылығын қамтамасыз етті. Әр серия нәтижесінде Agisoft Metashape бағдарламасында рельеф және беткі модельдер, ортофотопландар және тығыз нүктелік бұлттар құрылып, деформацияларды талдауға арналған. Үш серия термальдық түсірілім жүргізіліп, радиометриялық калибрленген термальды ортомозаикалар мен температуралық карталар құрылды, олар аэрофотосъёмка серияларымен уақыт бойынша синхрондалған.
Уақыт бойынша цифрлық модельдерде реперлер, ғимарат бұрыштары, алаңдар мен еңістіктердің сипаттамалық нүктелері анықталып, оларды уақыт бойынша бірмәнді сәйкестендіру қамтамасыз етілді. Осы нүктелердің координаттары мен биіктіктері дәстүрлі геодезиялық өлшемдер — нивелирлеу, тахеометрия және статикалық GNSS мәліметтерімен салыстырылды. Статистикалық дәлдік көрсеткіштері есептеліп, цифрлық модельдер валидациядан өтті және геодезиялық мониторинг пен деформацияларды талдау үшін олардың жарамдылығы сандық бағаланды.
Потенциалды пайдаланушылар үшін ақпарат
Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде гидротехникалық құрылыстарды мониторингтеу үшін заманауи әдістемелік тәсілдер әзірленеді, оларда ұшу аппараттарын, жоғары дәлдікті геодезияны және цифрлық модельдеуді қолдану қарастырылған. Потенциалды пайдаланушылар мыналарды алады:
• Бөгеттер мен инженерлік объектілердің жағдайын бағалау үшін стандартталған әдістемені қолдану мүмкіндігі;
• Жасырын сүзгілеу процестері мен геометриялық өзгерістерді қоса алғанда, деформацияларды және ақауларды уақытылы анықтау құралдары;
• Салыстыру, болжам жасау және тенденцияларды талдау үшін көп уақыттық жоғары дәлдіктегі цифрлық модельдер;
• Апаттық жағдайлардың пайда болу қаупін азайтуға арналған ұсыныстар;
• Құрылыстарды пайдалану тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыратын шешімдер.
Жобаның нәтижелері практикалық енгізуге бағытталған және гидротехникалық объектілердің эксплуатациясы үшін жауапты мемлекеттік құрылымдар мен жеке ұйымдар тарапынан пайдаланылуы мүмкін.
Қолдану саласы
Әзірленген тәсілдер мен зерттеу нәтижелері мына объектілерді мониторингтеу кезінде қолданылуы мүмкін:
• Насыпты және топырақ бөгеттер;
• Түрлі мақсаттағы гидротехникалық құрылыстар — су қоймалары, каналдар, плотиналар, тұнба резервуарлары;
• Тұрақтылық пен деформацияны бақылауды қажет ететін инженерлік инфрақұрылым объектілері;
• Сел қаупі бар немесе жер асты сулары деңгейі өзгеретін аумақтар;
• Эксплуатацияны тоқтатпай, жағдайын жылдам бағалауды қажет ететін үлкен аумақтар.
Әдістемелер жобалау және эксплуатация ұйымдары, қауіпсіздік қызметтері, мемлекеттік ведомстволар, сондай-ақ гидротехникалық объектілердің тұрақтылығы мен сенімділігін қамтамасыз етуге арналған ғылыми-зерттеу орталықтары тарапынан пайдаланылуы мүмкін.

Мәліметті жаңарту күні: 25.12.2025 ж.

AP22787307 «Сілемнің геомеханикалық күйін зерттеу негізінде терең горизонттарда тау-кен қазбаларын бекіту технологиясын әзірлеу» — ғ.ж. Имашев А.Ж.
Өзектілік
Қазақстан Республикасында тау-кен өнеркәсібінің дамуы пайдалы қазбаларды өндіру үшін жаңа горизонттардың пайдалануға берілуімен қатар жүреді, бұл ауқымды тау-кен капитальды және дайындық жұмыстарының орындалуын талап етеді. Жерасты жұмыстарының тереңдігі 700 метрден асқан сайын геомеханикалық мәселелерді шешу және тау жыныстары сілемінің күйін басқару барған сайын күрделене түседі. Қазбаларды жүргізу және оларды ұстап тұру кезінде деформациялық үдерістердің қарқындылығы артып, қазбалардың төбесі мен бүйірлерінің опырылу жағдайлары жиілейді. Терең горизонттарда қазбалардың контурына әсер ететін жоғары кернеулердің әсерінен тау жыныстары сілемінің кернеулі-деформацияланған күйі өзгереді.
Қазба жұмыстарын үлкен тереңдіктерде жүргізу әрқашан бастапқы кернеу өрісінің қайта бөлінуімен қатар жүреді, бұл кезде екінші ретті кернеу өрісі қалыптасады. Сілемнің контур маңындағы бөлігіндегі тау жыныстарының ашық беттерінің орнықтылық параметрлерін негіздеу барысында кездесетін басты кемшіліктердің бірі – геомеханикалық үдерістердің жеткіліксіз зерттелуі болып табылады. Бұл кемшіліктің себебі – техногендік ашылымдар маңындағы сілемде жүретін геомеханикалық үдерістерді сипаттайтын қолданылып жүрген модельдер серпімсіз деформация аймақтарының нақты көлемін дұрыс бейнелей алмайды. Тау жыныстары сілемінің кернеулі-деформацияланған күйін бағалауға бағытталған теориялық және тәжірибелік зерттеулердің көлемі үлкен болғанына қарамастан, қазіргі уақытқа дейін, әсіресе терең горизонттарда, серпімсіз деформация аймақтарын сенімді анықтауға арналған ғылыми тұрғыда негізделген біртұтас тәсіл қалыптаспаған. Тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету – тау жыныстары сілемінің геомеханикалық жай-күйін дұрыс бағалау және қазбаларға түсетін жүктемені есептеу арқылы іске асады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында шетелдік тәжірибені қолдану қажет, себебі тау жыныстарының орнықтылық мәселелері кен орындарында тәжірибелік тұрғыда сынақтан өткен зерттеу нәтижелерін пайдалану арқылы шешіледі, ал бұл нәтижелер тау жыныстарының сапасын бағалауға арналған рейтингтік жіктемелерге негізделген. Жүргізілген талдау мен мәселенің қазіргі жай-күйіне шолу негізінде ғылыми-қолданбалы жұмыстың мақсаты тұжырымдалды – тау жыныстарының тасжарықшақтығы, қазбаның орналасу тереңдігі мен қимасының пішіні, тау жыныстарының физика-механикалық қасиеттері мен серпімділік модуліне байланысты терең горизонттардағы қазба айналасындағы серпімсіз деформация аймағының параметрлерін анықтау және сілемнің рейтингтік жіктемесіне сәйкес қазбаны бекіту түрлері мен параметрлерін таңдау. Қазақстан кеніштерінде қазбаларды жүргізу және ұстап тұру кезінде, әсіресе 700 м-ден астам тереңдікте, серпімсіз деформация аймақтарының қуатын бағалау жұмыстарын жүргізу немесе жүргізілген жағдайда да әдістемелік тұрғыдан сенімді емес. Сондықтан терең горизонттарда дайындық қазбаларын жүргізу кезінде серпімсіз деформация аймақтарының параметрлерін болжау – ғылыми әрі тәжірибелік тұрғыдан өзекті зерттеу міндеті болып табылады.
2025 жылдың 2- жартыжылдығында қол жеткізілген нәтижелер:
Шахталық жағдайларда үлкен тереңдіктерде жерасты қазбаларының маңындағы жарықшақтылықтың даму деңгейін бағалау үшін видеоэндоскопты қолдана отырып зерттеулер жүргізілді. Натуралық бақылаулар тау жыныстары массивінде жүретін геомеханикалық үдерістерді зерттеудің негізгі әдістерінің бірі болып табылады. Мұндай бақылауларды жүргізбей негізгі әсер етуші факторларды дәл анықтау мүмкін емес, бұл кейінгі аналитикалық талдау мен модельдеу үшін міндеттерді тұжырымдауды қиындатады.
Жерасты қазбаларының контур маңындағы аймағында массивтің мінез-құлқын зерттеу мақсатында келесі далалық зерттеу әдістері қолданылды:
• жарықтардың дамуын визуалды бақылау;
• тау компасы мен электрондық рулетканы пайдалана отырып, бақылау учаскелерінде аспаптық өлшеулер жүргізу.
Визуалды бақылаулар жарықшақтылықтың жалпы жағдайын және жерасты қазбаларына жақын массивтің бұзылу дәрежесін бағалауға мүмкіндік берді. Жарықтардың түзілу үдерістерін неғұрлым дәл сипаттау үшін арнайы ұйымдастырылған бақылау учаскелерінде аспаптық өлшеулер орындалды. Алынған деректер массивтің жарықшақтылығы және қазбалардың әсер ету аймағындағы жыныстардың мінез-құлқының ерекшеліктері туралы сенімді ақпарат берді.
Бақылаулар +96 м горизонты деңгейіндегі жерасты қазбаларында, шамамен 250 м тереңдікте жүргізілді. Барлығы 9 бақылау учаскесі жабдықталды (1-сурет). Әрбір учаскеде өлшемі 1×1 м болатын беткей фрагменті бөлініп алынды.

Сурет 1 – Зерттелген аймақ №2 и №8

Жарықшақтылық әсерінен массивтегі жыныстардың беріктігінің төмендеуі құрылымдық әлсіреу коэффициенті Кс арқылы бағаланады. Бұл коэффициент жарықшақталған жағдайда жыныстың массивтен ажырау кезіндегі ілінісуінің осы жыныстың үлгідегі ілінісуіне қатынасына тең. Әдетте магмалық және метаморфтық жыныстарда жарықтар мен тектоникалық бұзылыстар бойындағы ілінісу 0,05–0,1 МПа аралығында өзгереді. Алайда жарықтар мен әлсіреу аймақтары бойында қалыптасатын ілінісу жарық беттерінің кедір-бұдырлығына және олардың бағытының өзгеруіне байланысты бұдан да жоғары болуы мүмкін.
Геотомографиялық сканерлеу нәтижелеріне сәйкес, массивтегі шартты жарықшақтылық аймағының даму тереңдігі орта есеппен 1,0–1,3 м аралығын құрайды. Бұл қорытынды аталған тереңдік шегінде тіркелген жоғары жиілікті шағылу сызығының орналасуына негізделген.
Жарықшақтылықтың тығыздығы бір метрге шаққанда 10 жарыққа дейін болған жағдайда, бұзылу аймағының таралу тереңдігі шамамен 1,0 м-ге жететіні анықталды, ал жарықтар саны 20–25-ке дейін артқанда бұл аймақтың тереңдігі 1,3 м-ге дейін ұлғаяды.
2025 ж. 2- жартыжылдығындағы жарияланымдар тізімі
1) Өнертабысқа патент өтінімі сараптамаға жіберілді. Авторлары Имашев А.Ж., Суимбаева А.М., Мусин А.А., Матаев А.К., Ескенова Г.Б., Шайке Н.К., Жунусбекова Г.Ж. «Рамная шарнирная крепь из коробчатого профиля».
Зерттеу тобы
1. Имашев Аскар Жанболатович – ғылыми жетекші, PhD, ПҚКӨ кафедрасының меңгерушісі.
Researcher ID – ABC-2138-2021;
ORCID — 0000-0002-9799-8115;
Scopus Author ID – 57204153972.
2. Суимбаева Айгерим Маратовна — PhD, жауапты орындаушы, ПҚКӨ кафедрасының доцент м.а.
Researcher ID — AAC-8234-2022;
ORCID — 0000-0001-6582-9977.
3. Мусин Айбек Абдукалыкович — PhD, орындаушы, ПҚКӨ кафедрасының доцент м.а.
Researcher ID – AGD-8697-2022;
ORCID — 0000-0001-6318-9056;
Scopus Author ID – 57225333744.
4. Матаев Азамат Қалижанұлы – PhD, орындаушы, ПҚКӨ кафедрасының доцент м.а.
Researcher ID D-3766-2019;
ORCID — 0000-0001-9033-8002;
Scopus Author ID – 57219561578.
5. Жунусбекова Гаухар Жумашевна – орындаушы, т.ғ.м., ПҚКӨ кафедрасының аға оқытушысы
Researcher ID – AAE-8004-2022
ORCID — 0000-0003-2842-270X
Scopus Author ID – 57919123700
6. Шәйке Нұрлан Қанатұлы – орындаушы, т.ғ.м., ПҚКӨ кафедрасының аға оқытушысы
Researcher ID – HLH-4610-2023,
ORCID – 0000-0002-2395-4566,
Scopus Author ID — 58220559500
7. Ескенова Гульнура Бериковна – орындаушы, т.ғ.м., ПҚКӨ кафедрасының аға оқытушысы
Researcher ID – АВС-2138-2021
ORCID — 0000-0001-8184-4085
Scopus Author ID — 58191278200
Потенциалды тұтынушылар туралы ақпарат
Зерттеу нысандары – пайдалы қазбаларды өндіру тереңдігі 800 м және одан да көп болатын отандық тау-кен кәсіпорындары. Қазіргі уақытта «Орловский» және «Артемьевский» рудниктеріндегі өндіру тереңдігі 800 метрден асқан. Сонымен қатар, терең горизонттарда тау-кен жұмыстарын жүргізуі жоспарланған бірқатар жерасты рудниктері бар, олар: «Восход» («Восход-Oriel» ЖШС), «Үшқатын-3» («Жайрем Марганец» АҚ), және «Батыс Қаражал» («Өркен» ЖШС).
Қолданылу аймағы
800 метр және одан да үлкен тереңдікте орналасқан тау-кен өнеркәсібі, тау-кен қазбалары.

Мәліметті жаңарту күні: 25.12.2025 ж.

ЖТН жобасы AP22785093 «Қалың көмір тақталарын өндіру кезінде күмбезтәріздес бөлігінің орнықтылығын басқару арқылы қазбаны ұстап тұру технологиясын зерттеу және негіздеу» Ғылыми жетекші – Халикова Эльвира Равиловна, PhD, ПҚКӨ кафедрасының ассоциирленген профессоры (доцент)
Өзектілігі
Салыстырмалы түрде берік емес жыныстарда қазбаларды тереңдету және көтеру қабілеті мен құрылымдық иілгіштігі жеткіліксіз тіреулерді қолдану – тау-кен қазбаларының қанағаттанарлықсыз күйінің негізгі себептері болып табылады. Қарағанды бассейні шахталарындағы өндіру учаскелерінің жұмысын талдау пласттарды өңдеу әдістерінің оларды қолдану горнотехникалық жағдайларына сәйкессіздігі, тау-кен жұмыстарының тереңдеуімен қабаттарды қазып алу жағдайларының күрделенуі (тектоникалық бұзылыстардың болуы, газдылықтың артуы және т.б.), технологиялық буындар мен процестер арасындағы қуат теңсіздіктері есебінен еңбек өнімділігін арттырудың және көмірдің өзіндік құнын төмендетудің айтарлықтай қорлары бар екенін көрсетеді.
Осының барлығы тау-кен қазбаларын жүргізу кезіндегі өндірістік процестердің сенімділігін төмендетіп, экономикалық тұрғыдан негізсіз шығындарға әкеледі. Бұл қорларды пайдалану тау-кен қазбаларын жүргізудің прогрессивті технологиялық сызбаларын енгізу және күрделі тау-геологиялық жағдайда орналасқан газды-көмірлі қуатты пласттарды өңдеудің озық технологиясын жобалау кезінде ерекше маңызды.
Тау-кен қазбаларының орнықтылығы мәселесі ҚР-дың әртүрлі бассейндеріндегі көмір шахталарының тиімді жұмысының ең өзекті және анықтаушы факторларының бірі болып қала береді. Бұл үшін келесі ғылыми-қолданбалы зерттеулер мен жұмыстарды жүргізу қажет:
— жыныстардың күмбездену аймақтарында тіреу параметрлерін анықтау бойынша негізделген технологиялық шешімдер қабылдау;
— қуатты көмір пласттарында тау массивін қоршаған жыныстардың деформацияланған күйіне геомеханикалық болжамды баға беру;
— қоршаушы жыныстардың кернеулі-деформацияланған күйін ескере отырып, олардың бекіту параметрлерін негіздеу арқылы технология мен құралдарды әзірлеу және енгізу.
Қазіргі уақытта ұсынылған ғылыми бағыттың көмір өнеркәсібінің жер астындағы жұмыстары үшін дамуы ғылыми-қолданбалы зерттеулер нәтижелерін пайдалану және Қарағанды бассейні шахталарында перспективалы әзірлемелерді тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтан өткізумен байланысты.
2025 жылдың 2-ші жартыжылдығында қол жеткізілген нәтижелер:
Геологиялық бұзылыстар әсері аймағында қуатты пласт қабаттарын өндіру кезінде технологиялық сұлбаларды қалыптастыруға арналған техникалық ұсынымдар әзірленді.
2025 жылдың 2-ші жартыжылдығындағы жарияланымдар тізімі:
-Э.Р. Халикова, А.Е. Жумабекова, Д.С. Сыздыкбаева, М.Г. Мустафин. Тау жыныстарының әлсіреген аймағын нығайту жөніндегі технологиялық схемаларды әзірлеу. Қазақстанның тау-кен журналы. 2025. №2. 50–60. https://doi.org/10.48498/minmag.2025.238.2.003
-Сыздыкбаева Д.С., Халикова Э.Р. Тау-кен қазбаларын бекіту кезінде қоршаушы жыныстар массивінің тұрақтылығын қамтамасыз етудің технологиялық шарттары. Авторлық құқықпен қорғалатын объектіге құқық. Куәлік № 53703, 21.01.2025
-Vladimir Demin, Elvira Khalikova*, Tatyana Demina, Dinara Syzdykbaeva, Aibolat Karatayev, Murat Mustafin. Көмір қабатын игеру барысында қию жұмыстарын жүргізген кезде тау-кен массивінің кернеулі-деформацияланған күйін бағалау // Mining of Mineral Deposits. ISSN 2415-3443 (Online), ISSN 2415-3435 (Print). Volume 19, Issue 2, 2025. P. 38–46. DOI: https://doi.org/10.33271/mining19.02.038
-Demin V.F., Khalikova E.R. Дайындау тау-кен қазбаларын жүргізу кезінде тау жыныстары массивінің геомеханикасы // Монография. – Қарағанды: «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ баспасы, 2025. – 223 бет. ISBN 978-601-355-490-7
Зерттеу тобы:
1. Халикова Эльвира Равиловна – Ғылыми жетекші, PhD, ПҚКӨ кафедрасының ассоциирленген профессоры (доцент),
Scopus Author ID: 57212216553,
Researcher ID Web of Science: ABE-4117-2021,
ORCID ID: 0000-0003-1501-8492;
2. Қаратаев Айболат Дулатұлы – Жауапты орындаушы, PhD, ПҚКӨ кафедрасының ассоциирленген профессоры (доцент),
Scopus Author ID: 56996048900,
Researcher ID Web of Science: AAC-4903-2020,
ORCID ID: 0000-0003-2901-7562;
3. Әбеков Ұлан Ерланұлы – PhD, «Maker (Мэйкер)» ЖШС Қарағанды құю-машина жасау зауыты (ҚЛМЗ) өндірістік бөлімінің басшысы,
Scopus Author ID: 57209737940,
ORCID ID: 0000-0001-6686-4926;
4. Сыздыкбаева Динара Сейітқалиевна – ПҚКӨ кафедрасы ГДД-23 тобының докторанты, ӨҚжЭ кафедрасының оқытушысы
Scopus Author ID: 58973495800,
ORCID ID: 0000-0002-0673-0384;
5. Хамзе Аскер Мұратұлы – ПҚКӨ кафедрасы ГДД-25 тобының докторанты;
6. Байгараева Багдат Абдиқасымқызы – техника ғылымдарының магистрі, кеңсе меңгерушісі;
7. Жамелов Рахат Жамиұлы – техника ғылымдарының магистрі, «Maker (Мэйкер)» ЖШС Қарағанды құю-машина жасау зауыты (ҚЛМЗ) ГПП-ның бас инженері (ағымдағы жоспарлау бойынша);
8. Бодаубек Абылайхан Бахлатұлы – техника ғылымдарының магистрі, «Maker (Мэйкер)» ЖШС Қарағанды құю-машина жасау зауыты (ҚЛМЗ) өндірісті дайындау инженері.
Әлеуетті пайдаланушылар үшін ақпарат:
Жоба іске асырылуы нәтижесінде қуатты пласт қабаттарын өңдеу кезінде тау жыныстарының мінез-құлқының анықталған заңдылықтарына негізделген, қазбаларды қоршайтын бағаналарды тиімді қолдаудың прогрессивті технологиясын қолдану мүмкіндігі пайда болады. Бұл жер асты тау-кен өндірісінің тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қолданыстағы технологиялық тәуекелдер де төмендейді, себебі тау-кен қазбаларын жүргізуге арналған тиімді технологиялар, жабдықтар мен бекіту құралдарын қолдану тау-кен факторларының өту циклі процестерінің эксплуатациялық сенімділігіне әсерін болдырмауға мүмкіндік береді.

Қолдану саласы:
Көмір өнеркәсібінің тау-кен өндіру кәсіпорындары, сондай-ақ алынған ғылыми-техникалық әлеуетті жер астындағы тау-кен рудалы кәсіпорындарға тарату мүмкіндігі.

1-сурет-Арқан якорьінің өндірілген үлгілері

    

2 — сурет-Тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар жүргізу

Мәліметті жаңарту күні: 25.12.2025 ж.

Без рубрики