Республикалық «Шығыс» орталық лигасы, ақтық мәре!


«Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ «Өскемен КВН» филиалы 2013 жылдың 14 қараша күні сағат 15:00 де Өскемен қаласының орталық мәдениет сарайында Республикалық «Шығыс» Орталық КВН Лигасының ақтық ойынын ұйымдастырды. Аталған Жайдарман ойынына Шығыс Қазақстан облысының жергілікті және Республика деңгейінде өнер көрсетіп жүрген командалар қатысты. Атап айтар болсақ, Республикалық «Шығыс» Орталық лигасында:
1. «ЖасStar» Қарағанды

2. «Ақмешіт» Қызылорда
3. «Алға» Екібастұз
4. «Тұран» Астана
5. «Рахмет» Семей
6. «Семей мектеп құрамасы»

Ойын өте көңілді және тартысты өтті. Себебі Республика деңгейіндегі өте мықты командалар сайысқа түсіп, мықты әзілдер көрсетті. Келген көрермендердің көңілдері бір марқайып, ұйымдастырушыларға риза болды. Ойынды жүргізуге арнайы Астана қаласынан Қазақстан КВН одағының президенті Есен Елеукен (Есаға) шақырылды.

Жүлделі ІІІ орынды «Тұран» Астана командасы алса, жүлделі ІІ орынды және Қарағандалық ҚарМТУ «ЖасStar» КВН командасы иеленді. Сыр елі, Қызылордадан келген «Ақмешіт» командасы Шығыс «Орталық Лигасының «ЧЕМПИОН-2013» атағына ие болды.

 

Без рубрики