| Көлік-жол факультеті | Инженерлік экономика және менеджмент факультеті | |
|
1950-жылдардың соңы — 1960-жылдардың басында Орталық Қазақстанда өнеркәсіптік және көлік инфрақұрылымы қарқынды дамып, автомобиль көлігі мен жол құрылысы саласында инженер кадрларын даярлау қажеттілігі туындады. 1965 жылы тиісті мамандықтар негізінде автомеханикалық факультет құрылып, 1970-жылдардың басында көлік-жол факультетіне қайта ұйымдастырылды. 1965–1976 жж. — Ли В. Я. (декан) Факультетті ұйымдастыру және қалыптастыру, материалдық-техникалық базаны құру, автомобиль көлігі кафедрасын дамыту. 1976–1983 жж., 1987–1997 жж. — Алиев Ж. А. (декан) Зертханалық базаны дамыту, оқу үдерісін жетілдіру, компьютерлендіру элементтерін енгізу. 1983–1987 жж. — Интыков Т. С. (декан) Өндірістік тәжірибелерді кеңейту, кадр құрамын нығайту, кафедра филиалдарын дамыту. 1997–2007 жж. — Ибатов М. К. (декан) Факультет құрылымын тұрақтандыру, оқу-әдістемелік базаны дамыту. 2007–2008 жж. — Балгабеков Т. К. (декан) 2008–2010 жж. — Бестембек Е. С. (декан) Білім беру бағдарламаларын жетілдіру және материалдық базаны нығайту. 2010–2013 жж. — институт (ТЖИ) Интыков Т. С., Балгабеков Т. К., Тогизбаева Б. Б. — институт басшылығы. 2013–2015 жж. — Интыков Т. С. (декан) Факультет құрылымын қалпына келтіру, білім беру бағыттарын дамыту. 2015–2018 жж. — Жолдыбаева Г. С. (декан) Ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысты дамыту. 2018–2023 жж. — Курмашева Б. К. (декан) Білім беру бағдарламаларын жаңғырту. 2023–2024 жж. — Аскаров Б. Ш. (декан) Оқу үдерісін цифрландыру. 2024–2025 жж. — Кызылбаева Э. Ж. (декан) Халықаралық ынтымақтастықты дамыту және білім беру бағдарламаларын жаңарту. |
Инженерлік экономика және менеджмент факультеті 1993 жылы нарықтық экономикаға көшу жағдайында экономикалық бейіндегі жаңа буын мамандарын даярлау қажеттілігіне байланысты құрылды. Оның дамуы өнеркәсіпте, бизнесте және мемлекеттік басқаруда тиімді жұмыс істей алатын құзыретті экономистер мен менеджерлерді қалыптастыруға бағытталды. Бастапқы кезеңде факультет құрамына өнеркәсіптің түрлі салалары үшін мамандар даярлайтын экономикалық және басқарушылық бағыттағы кафедралар кірді. 1993–2001 жж. — Юшко В. С. (декан) Факультет құрылымын және білім беру бағдарламаларын қалыптастыру. 2001–2015 жж. — Алпысбаева Н. А. (декан) Кафедраларды дамыту, дайындық бағыттарын кеңейту, кадрлық әлеуетті нығайту.
2015–2017 жж. — Давлетбаева Н. Б. (декан) Факультетті ФИЭМ-ге қайта ұйымдастыру, білім беру бағдарламаларын жаңарту. 2017–2025 жж. — Бирюков В. В. (декан) Білім беру бағдарламаларын дамыту, мамандар даярлау сапасын арттыру, халықаралық интеграция. |
|
| 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап Көлік-жол факультеті мен инженерлік экономика және менеджмент факультеті біріктірілді. Нәтижесінде «Транспорт, логистика және инженерлік экономика»атты бірыңғай факультет құрылды. Факультет деканы болып PhD Кызылбаева Э.Ж. тағайындалды. |
||
рағасы т.б.