Р.Р. Бузяковтың диссертациялық жұмысының қорғауы туралы хабарландыру


8D07103 «Электр энергетикасы» білім беру бағдарламасы, 6D071800 «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ жанындағы диссертациялық кеңесте (PhD) философия докторы дәрежесін алу үшін Бузяков Рустам Равильевичтің «Жылу энергиясының баламалы көзі ретінде энергия тиімді электротехникалық жылыту құрылғысын зерттеу және әзірлеу» тақырыбында 6D071800 «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша докторлық диссертациясы қорғалады.

Қорғау тілі – орыс.

Диссертациялық жұмыс «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ «Өндірістік процестерді автоматтандыру», кафедрасында орындалды.

Ресми рецензенттер:

  1. Умурзакова Анара Даукеновна – PhD докторы, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ «Электр жабдықтарын пайдалану» кафедрасының меңгерушісі, Астана қ., Қазақстан Республикасы;
  2. Кабанбаев Айбек Батырбекович – PhD докторы, «М.X. Дулати атындағы Тараз университеті» КеАҚ «Автоматика және телекоммуникация» кафедрасының доцентінің м. а., Тараз қ., Қазақстан Республикасы.

Ғылыми кеңесшілер:

  1. Мехтиев Али Джаванширович – техника ғылымдарының кандидаты, профессор, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ ғылым және инновация жөніндегі басқарма мүшесі – проректор.
  2. Юрченко Алексей Васильевич – техника ғылымдарының докторы, профессор, «Ұлттық зерттеу Томск политехникалық университеті» жоғары білім берудің федералдық мемлекеттік автономды білім беру мекемесінің Жоғары технологиялар физикасы инженерлік мектебінің профессоры (Томск қ., Ресей Федерациясы).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  1. Сивякова Галина Александровна – техника ғылымдарының кандидаты, доцент, «Қараганды индустриялық университеті» КеАҚ академиялық мәселелер жөніндегі басқарма мүшесі – проректор, Темиртау қ., Қазақстан Республикасы;
  2. Малоземов Борис Витальевич – техника ғылымдарының кандидаты, доцент (ЖАК), Новосібір мемлекеттік техникалық университетінің электротехникалық кешендер кафедрасының доценті, Новосібір қ., Ресей Федерациясы.
  3. Каюмов Дамир Ирекович – PhD докторы, «Light Engineering LLP» ЖШС бас директоры, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы.

Қорғау: 2026 ж. 4 шілде, сағат 10.00-де, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеаҚ-да  8D07103 «Электр энергетикасы» білім беру бағдарламасы, 6D071800 «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша диссертациялық кеңесте, 100027, Қарағанды қ.,  Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 56, бас корпусының 238 ауд. мекенжайы бойынша өтеді.  Қорғау Zoom платформасында (сәйкестендіру нөмірі 876 154 4339, кіру коды 1953) аралас режимінде өтеді.

Сайт мекен-жайы: www.kstu.kz

Диссертацияның мазмұны бойынша бейресми пікірлерді қорғауға одан әрі ұсыну үшін диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы Нұрмағанбетова Гүлім Сахитовнаға электрондық поштаға жіберу қажет, e-mail: g_sahitovna@mail.ru

Без рубрики