Ауғанстаннан келген студенттердің алғашқы шығарылымы


«Информатика», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Құрылыс» білім беру бағдарламалары бойынша үкіметаралық келісім негізінде Қарағанды техникалық университетінде білім алған Ауғанстан Ислам Республикасының 13 студенті 2020 жылдың маусым айында алғаш бітіріп шықты.

Олардың бейімделуі мен оқуы үшін университет барлық жағдай жасады. Ауғанстаннан келген студенттер Президенттік «Студенттік баспана» бағдарламасы бойынша 2014 жылы іске қосылған «Армандастар Ордасы» жаңа жайлы тұрғын үй кешенінде тұрды.

Оларға жеке душ және санитарлық тораптары бар секцияларда екі және үш орындық бөлмелер берілді. Әр қабатта студенттердің иелігінде заманауи электр плиталарымен, тоңазытқыштармен, бөлшектеу үстелдерімен, сорғыштармен жабдықталған 4 ас үй, сабаққа арналған оқу бөлмелері, теледидарлар, холлдар мен рекреация, жоғары жылдамдықты Интернет, WI-Fi бар.

Тұрғын үй кешенінің бірінші қабатында: мультимедиялық компьютерлік сыныптар; заманауи конференц-зал; сақтау камералары; физиокабинеті, емшара бөлмесі, изоляторы бар денсаулық сақтау пункті; «ыстық желісі» бар студенттік асхана орналасқан. «Армандастар Ордасы» тұрғын үй кешені екі заманауи лифтпен, бейнебақылау және электронды карта-кілттер бойынша өткізу жүйелерімен жабдықталған.

Университеттің халықаралық ынтымақтастық орталығы, сәулет-құрылыс факультетінің және инновациялық технологиялар факультетінің деканаттары, кураторлар Ауғанстаннан келген студенттерге туындаған мәселелерді шешуге әр түрлі көмек көрсетті – көші-қон және жергілікті полиция қызметтерінің өкілдерімен, дінтанушылармен, АИР Елшілігінің қызметкерлерімен кездесулер. Шетелдік студенттер қоғамдық және шығармашылық қызметке – «Жас Орда» жастар қауымдастығының белсенділерімен, облыс және қала әкімдігінің жастар саясаты басқармасының, Жастар ресурстық орталығының, ҚХА Достық үйінің қызметкерлерімен ұйымдастырылған конкурстарға, фестивальдарға, қалалық және облыстық іс-шараларға белсенді қатысты.

 

Барлық 13 студент IT-технологиялар, заманауи азаматтық кешендер мен ғимараттар құрылысы бойынша өзекті тақырыптарға дипломдық жобаларды әзірлеп, сәтті қорғады.

Біздің университетте алған білім Ауғанстанның көпқырлы халқының игілігі үшін кәсіби өсу мен мансаптың негізі болатынына сенімдіміз.

Бірқатар ауған түлектері Қарағанды техникалық университетінің магистратурасында, Канада, Түркия Жоғары оқу орындарында оқуды жоспарлап отыр.

Біз ауған-түлектерді Қазақстан Республикасының жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірін аяқтауымен құттықтаймыз! Сіздерге сәттілік тілейміз! Денсаулық және амандық тілейміз!

Без рубрики