Ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері: Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің делегациясы Шихэцзы университетінде


2025 жылғы 23-25 сәуір аралығында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің (ҚарТУ) делегациясы Шихэцзы университетіне ресми сапармен барды. Бұл сапар Конфуций институтының Директорлар кеңесінің 11-отырысы аясында ұйымдастырылды.

Делегация құрамында университет ректоры, математика профессоры Сәуле Сағынтаева, ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Али Мехтиев, стратегиялық даму және цифрландыру жөніндегі проректор Тимур Канапьянов және Конфуций институтының директоры Татьяна Филиппова болды.

Кеңес отырысында Конфуций институтының 2024 жылғы жұмысы туралы есеп тыңдалып, бекітілді, сондай-ақ 2025 жылға арналған жұмыс жоспары мен негізгі бағыттар мақұлданды.

Кеңес ашық пікір алмасу форматында өтті. Отырысқа Шихэцзы университетінің ректоры Ли Чжаомин бастаған Конфуций институтының Директорлар кеңесінің мүшелері, оқытушылар мен қызметкерлер қатысты.

Сапар барысында Шихэцзы университетінің басшылығымен, атап айтқанда, партия комитетінің хатшысы Сюй Шаньдунмен жұмыс кездесулері өткізілді.

ҚарТУ делегациясы оқу зертханаларын, смарт-аудиторияларды, кітапханаларды және университет мұражайын аралап көрді.

Ынтымақтастықтың жаңа форматтары талқыланды, оның ішінде академиялық ұтқырлық бағдарламалары, қос дипломды магистратура бағдарламалары және механика және электротехника институтында бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру мәселелері қарастырылды.

Қазақстандық делегация қытайлық әріптестеріне жылы қабылдауы мен сапарды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді.

Без рубрики