«Энергетикалық жүйелер» кафедрасы
Жалпы даярлау бағыты
Кафедра бағдарламалары толық энергетикалық циклді қамтиды: энергияны өндіру, оны түрлендіру, тасымалдау және бөлу, жабдықтарды жобалау мен пайдалану, автоматтандыру, сандық модельдеу, энергия үнемдеу және заманауи энергетикалық технологияларды енгізу.
6B07112 Жылу жүйелерінің инженериясы
6B07113 Жылу энергетикасы
6B07114 Жылу және атом электр станциялары
6B07109 Электр энергетикасы
7M07106 Жылу энергетикасы
7M07111 Жылу жүйелерінің инженериясы
7M07107 Электр энергетикасы
Түлектер келесі салаларда жұмыс істеуге негіз алады
- электр станцияларында, желілік, генерациялайтын және энергиямен жабдықтайтын ұйымдарда;
- өнеркәсіптік кәсіпорындарда, бас энергетик қызметтерінде және автоматтандыру бөлімшелерінде;
- жобалау, инжинирингтік, монтаждау, баптау және сервистік компанияларда;
- ғылыми-зерттеу және білім беру ұйымдарында — магистратура түлектері үшін;
- энергия тиімділігі, цифрландыру, жаңартылатын және атом энергетикасы жобаларында.
6B07113 – Жылу энергетикасы
Бакалавриат толықтай оқу нысаны (4 жыл), жоғары білім базасында (2 жыл)
Жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және пайдалану, жылу-энергетикалық жабдықтарды пайдалану мен энергия тиімді шешімдерді енгізу бойынша классикалық инженерлік бағдарлама.
Бағдарламаның артықшылықтары
- Кең ауқымды дайындық — қазандықтар мен турбиналардан бастап жылу желілері мен өнеркәсіптік жылу технологияларына дейін.
- Практикалық құзыреттер — энергетикалық объектілерді есептеу, пайдалану, диагностикалау және жобалау дағдылары.
- Энергия үнемдеуге басымдық — автоматтандыру, энергия үнемдеу және отын-энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалануға баса назар аудару.
Кәсіби қызмет
Саласы: Жылу энергетикасы, коммуналдық және өнеркәсіптік жылу энергетикасы, кәсіпорындарды энергиямен жабдықтау, энергетикалық жабдықтарды жобалау, монтаждау, пайдалану және оларға қызмет көрсету.
Объектілері: Жылу электр станциялары, өнеркәсіптік және жылыту қазандықтары, жылу желілері, бу және газ турбиналары, қазандар мен бу генераторлары, жылу алмастырғыш және қосалқы жабдықтар, су мен отынды дайындау жүйелері.
Пәндері: Энергетикалық қондырғылардың жылу схемалары мен жұмыс режимдері; жылу және масса алмасу процестері; энергия тасымалдағыштарды өндіру және бөлу; автоматтандыру; техникалық қызмет көрсету; жылу-энергетикалық процестерді модельдеу және оңтайландыру.
Оқытылатын пәндерге мысалдар
| Пәндер таңдамасы | |
| Жылу техникасының теориялық негіздері | Қазандық қондырғылар және бу генераторлары |
| Турбиналық қондырғылар | Жылумен қамту және жылумен жабдықтау негіздері |
| Жылу желілерінің режимдерін жобалау | Жылу энергетикасындағы метрология және өлшеу жүйелері |
| Энергетика объектілерінің ЖАЖ / САПР | Жылу электр орталықтары мен конденсациялық электр станцияларын жобалау |
6B07114 – Жылу және атом электр станциялары
Бакалавриат толық оқу нысаны (4 жыл)
Жылу және атом электр станцияларының жабдықтары, технологиялық процестері, бақылау жүйелері және оларды қауіпсіз пайдалану бойынша мамандандырылған бағдарлама.
Бағдарламаның артықшылықтары
- Кешенді оқыту — дәстүрлі және атом энергетикасын бірыңғай инженерлік бағдарламада бірге зерттеу.
- Арнайы дайындық — станциялардың турбиналық, бу генерациялайтын, жылу алмастырғыш және электр жабдықтары бойынша мамандану.
- Заманауи цифрлық контур — модельдеу, предиктивті қызмет көрсету, автоматтандырылған басқару жүйелері ( АБЖ / АСУ ) және деректерді талдау.
Кәсіби қызмет
Саласы: ЖЭС және АЭС-те электр мен жылу энергиясын өндіру; жобалау және инжинирингтік ұйымдар; станция жабдықтарын монтаждау, баптау, диагностикалау және оларға техникалық қызмет көрсету.
Объектілері: ЖЭС және АЭС энергоблоктары, турбоагрегаттар, қазандық және бу түзуші қондырғылар, жылу алмастырғыштар, жылу тасымалдағышты дайындау және циркуляциялау жүйелері, электр жабдықтары, бақылау-өлшеу және автоматтандырылған басқару жүйелері.
Пәндері: Электр станцияларының жылу схемалары мен циклдары; ядролық-физикалық негіздер; жылу гидравликасы; пайдалану режимдері; сенімділік және диагностика; технологиялық процестерді өлшеу және автоматтандыру; ЖЭС және АЭС жабдықтары мен объектілерін жобалау.
Оқытылатын пәндерге мысалдар
| Пәндер таңдамасы | |
| Ядролық энергетиканың физикалық негіздері | Жылу және атом станцияларының химиясы |
| Жылу және атом электр станцияларының турбоагрегаттары | Қазандық қондырғылар және бу генераторлары |
| Атом және жылу электр станцияларының бақылау-өлшеу жүйелері | Атом станцияларының технологиялық жабдықтарын автоматтандырылған басқару жүйелері (АБЖ / АСУ) |
| Энергетикалық объектілерге предиктивті қызмет көрсету | ЖЭС және АЭС жабдықтарын жобалау |
6B07109 – Электр энергетикасы
Бакалавриат толық оқу нысаны (4 жыл), ТЖКБ базасында (3 жыл), жоғары білім базасында (2 жыл)
Бағдарлама электр энергиясын өндіру, түрлендіру, тасымалдау, бөлу және тұтыну процестерін, сондай-ақ электр энергетикалық объектілерді автоматтандыру мен қорғауды қамтиды.
Бағдарламаның артықшылықтары
- Жүйелі дайындық — электр станциялары, қосалқы станциялар, желілер және кәсіпорындарды электрмен жабдықтау бойынша кешенді білім.
- Тәжірибелік дағдылар — релелік қорғаныс, автоматика, диспетчерлік бақылау және SCADA-жүйелерін іс жүзінде меңгеру.
- Заманауи құзыреттер — модельдеу, ЖАЖ (САПР), энергия тиімділігі және жаңартылатын энергия көздерін интеграциялау.
Кәсіби қызмет
Саласы: Электр энергетикасы, өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық объектілерді электрмен жабдықтау, электр желілері мен жабдықтарын пайдалану, жобалау, монтаждау, баптау және сервистік ұйымдар.
Объектілері: Электр станциялары мен қосалқы станциялар, электр жүйелері мен желілері, электрмен жабдықтау жүйелері, электр жетектері, кәсіпорындардың электр жабдықтары, релелік қорғаныс және автоматика құрылғылары, диспетчерлік және өлшеу-бақылау жүйелері.
Пәндері: Электр желілерін жобалау мен есептеу; электр энергетикалық жүйелердің режимдері; қорғаныс және автоматтандыру; электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану; электр машиналары мен аппараттары; цифрлық басқару және энергия үнемдеу.
Оқытылатын пәндерге мысалдар
| Пәндер таңдамасы | |
| Электротехниканың теоретикалық негіздері | Электр станциялары мен қосалқы станциялар |
| Электр жүйелері мен желілері | Кәсіпорындарды электрмен жабдықтауды жобалау |
| Релелік қорғаныс және автоматика құрылғылары | Жалпы өнеркәсіптік кешендерде SCADA-жүйелерді қолдану |
| Энергетика объектілерінің ЖАЖ / САПР | Энергия үнемдеу және энергияны тиімді пайдалану |
6B07112 – Жылу жүйелерінің инженериясы
Бакалавриат ТЖКБ базасында оқыту (3 жыл)
Жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және оны тиімді пайдалану жүйелерін есептейтін, жобалайтын және пайдаланатын инженерлерді даярлауға арналған бағдарлама.
Бағдарламаның артықшылықтары
- Қолданбалы бағыт — жылу желілеріне, жылумен жабдықтау жүйелеріне және өнеркәсіптік кәсіпорындардың жабдықтарына негізделген тәжірибелік оқыту.
- Кешенді пәндер сабақтастығы — жылу техникасы, автоматтандыру, цифрлық жобалау және энергия үнемдеу технологияларын ұштастыру.
- Жеделдетілген оқу — бұрын алынған техникалық білімді қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша ары қарай дамыту мүмкіндігі.
Кәсіби қызмет
Саласы: Жылу энергетикасы, өнеркәсіптік энергетика, ғимараттар мен кәсіпорындарды жылумен жабдықтау, жобалау және сервистік ұйымдар, энергетикалық жабдықтарды пайдалану және модернизациялау.
Объектілері: Жылу желілері мен пункттері, қазандықтар, жылу алмастырғыш аппараттар, жылу тасымалдағышты дайындау жүйелері, желдету және ауа баптау жүйелері, жылу сорғылары, дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздері базасындағы энергетикалық қондырғылар мен кешендер.
Пәндері: Жылу жүйелерін есептеу және жобалау; режимдерді басқару; жылу-масса алмасу және гидрогазодинамика; диагностикалау, монтаждау, баптау және жөндеу; автоматтандырылған басқару; энергия тиімділігі мен экологиялық қауіпсіздікті арттыру.
Оқытылатын пәндерге мысалдар
| Пәндер таңдамасы | |
| Жылу жүйелеріндегі ЖАЖ (САПР) | Техникалық термодинамика |
| Жылу жүйелеріндегі жылу-масса алмасу | Жылу желілерін гидравликалық есептеу |
| Жылу жүйелеріндегі энергия үнемдейтін технологиялар | Автоматты реттеу жүйелері |
| Жылу тасымалдағыштарды дайындау жүйелері мен жабдықтары | Жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдықтарын жобалау |
7M07106 – Жылу энергетикасы
Магистратура ғылыми-педагогикалық бағыт (2 жыл)
Жылу-энергетикалық және жылу-технологиялық жүйелерді зерттеу, модельдеу, жобалау және олардың тиімділігін арттыру бойынша тереңдетілген дайындық бағдарламасы.
Бағдарламаның артықшылықтары
- Тереңдетілген әдіснама — инженерлік зерттеулерді, математикалық модельдеуді және жылу-техникалық эксперименттерді ұштастыру.
- Ғылыми-педагогикалық бағыт — ғылыми-педагогикалық қызметке және инновациялық энергетикалық шешімдерді әзірлеуге даярлау.
- Заманауи трендтер — энергия үнемдеу, жаңартылатын энергетика, екінші реттік ресурстарды пайдалану және саланы цифрландыру міндеттерін шешу.
Кәсіби қызмет
Саласы: Өнеркәсіп, энергетика, ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдары, жоғары білім беру, энергиямен жабдықтау және энергия тиімділігі саласындағы сараптамалық әрі басқарушылық қызмет.
Объектілері: Жылу-энергетикалық және жылу-технологиялық жүйелер, жылу желілері, жылу және газбен жабдықтау жүйелері, кәсіпорындардың энергетикалық жабдықтары, су мен отын дайындау қондырғылары, жаңартылатын энергия көздері және екінші реттік энергоресурстар.
Пәндері: Энергетикалық жүйелерді модельдеу және оңтайландыру; жылу-техникалық эксперимент әдістері; жылу-газбен жабдықтау жүйелерін жобалау; тиімділік пен сенімділікті бағалау; жаңарту (модернизация) және энергия үнемдеу шараларын ғылыми негіздеу.
Оқытылатын пәндерге мысалдар
| Пәндер таңдамасы | |
| Жылу энергетикасы мен жылу технологиясының ғылыми-техникалық мәселелері | Жылу энергетикалық жүйелерін модельдеу әдістері |
| Жылу-техникалық эксперименттің теориясы мен техникасы | Жылу энергетикасы мен жылу технологиясындағы ақпараттық жүйелер |
| Дәстүрлі емес және жаңартылатын энергия көздері | Жылу және газбен жабдықтау жүйелері |
| Жылу-газбен жабдықтау жүйелерін жобалау | Ғылыми-инновациялық жобаларды басқарудағы жасанды интеллект |
7M07111 – Жылу жүйелерінің инженериясы
Магистратура бейіндік бағыт (1 жыл)
Өнеркәсіптік кәсіпорындардың жылу жүйелерін пайдалану, модернизациялау және энергия тиімділігін арттыру бойынша қолданбалы міндеттерді шешуге арналған қарқынды бейіндік бағдарлама.
Бағдарламаның артықшылықтары
- Жылдам әрі мақсатты траектория — кәсіби инженерлік және басқарушылық құзыреттерге басымдық беретін жинақы оқу бағдарламасы.
- Тәжірибелік бағыт — заманауи жылу энергетикасы мәселелеріне, кәсіпорындардың энергия тасымалдағыштары мен технологияларына бағдарлану.
- Басқарушылық дайындық — техникалық жобаларды басқаруға, модернизацияны енгізуге және энергетикалық режимдерді оңтайландыруға даярлау.
Кәсіби қызмет
Саласы: Өнеркәсіптік жылу энергетикасы, жылумен жабдықтау жүйелерін пайдалану және дамыту, инжиниринг, энергоаудит, техникалық басқару және консалтинг.
Объектілері: Кәсіпорындардың жылу және энергиямен жабдықтау жүйелері, жылу желілері, қазандықтар мен жылу пайдаланатын қондырғылар, жылу алмастырғыш және қосалқы жабдықтар, автоматтандыру және энергоресурстарды есепке алу жүйелері.
Пәндері: Жылу жүйелерін инженерлік талдау және оңтайландыру; жабдықтарды таңдау және модернизациялау; энергияны өндіру мен тұтыну режимдері; энергия тасымалдағыштарды басқару; диагностикалау, сенімділік, қауіпсіздік және экономикалық тиімділік.
Оқытылатын пәндерге мысалдар
| Пәндер таңдамасы | |
| Жылу энергетикасы мен жылу технологияларының заманауи мәселелері | Жылу энергетикасының арнайы сұрақтары |
| Кәсіпорындардың энергетикалық ресурстары мен технологиялары | Өнеркәсіптегі энергия тасымалдағыштар және энергетикалық технологиялар |
| Менеджмент және басқару психологиясы | Кәсіби шетел тілі |
7M07107 – Электр энергетикасы
Магистратура ғылыми-педагогикалық бағыт (2 жыл), бейіндік бағыт (1,5 жыл)
Бағдарлама электр энергетикалық және электр техникалық жүйелерді модельдеу, автоматтандыру және жобалау, электр жетектерін басқару мен энергия тиімділігін арттыру саласындағы құзыреттерді дамытады.
Бағдарламаның артықшылықтары
- Траекторияны таңдау — ғылыми-педагогикалық дайындық үшін 2 жылдық немесе тереңдетілген бейіндік дайындық үшін 1,5 жылдық оқыту мерзімі.
- Заманауи пәндер жиынтығы — модельдеу, автоматтандыру, электр жетектері және интеллектуалды технологиялар бойынша өзекті пәндер.
- Қолданбалы бағыт — өнеркәсіптік кешендерді электрмен жабдықтауға, энергоаудитке және жаңартылатын энергетикаға бағдарлану.
Кәсіби қызмет
Саласы: Электр энергетикалық компаниялар, өнеркәсіптік кәсіпорындар, ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдары, инжиниринг, автоматтандыру, энергоаудит және жоғары білім беру.
Объектілері: Электр энергетикалық жүйелер мен желілер, электр техникалық кешендерді электрмен жабдықтау жүйелері, электр жетектері, автоматтандырылған кешендер, жаңартылатын энергетика объектілері, цифрлық мониторинг және басқару құралдары.
Пәндері: Электрлік жүйелерді идентификациялау және модельдеу; электр жетектерін басқару; өнеркәсіптік кешендерді автоматтандыру; энергия үнемдейтін технологиялар; электр техникалық және жаңартылатын энергетикалық қондырғыларды жобалау мен пайдалану.
Оқытылатын пәндерге мысалдар
| Пәндер таңдамасы | |
| Электр энергетикалық жүйелердің ғылыми-техникалық мәселелері | Жүйелерді идентификациялау және модельдеу |
| Электр жетектерін модельдеу | Электр жетектерін басқару жүйелері |
| Электр техникалық кешендерді электрмен жабдықтау | Тау-кен металлургия өндірісінің электр техникалық кешендерін автоматтандыру |
| Электр энергетикасындағы және автоматтандырудағы энергия үнемдейтін технологиялар | Ғылыми-инновациялық жобаларды басқарудағы жасанды интеллект |