КОНКУРС ЖАРИЯЛАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ «SaginovFund: Ішкі ғылыми бастамаларға қолдау» (Сағинов қоры: ішкі ғылыми бастамаларды қолдау)


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті «SaginovFund: Ішкі ғылыми бастамаларға қолдау» бағдарламасы аясында университет қызметкерлері арасында ғылыми жобалар конкурсын жариялайды.

Конкурстың мақсаты: Конкурстың негізгі мақсаты – университет ғалымдарының ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру және олардың ғылыми әлеуетін арттыру.

Негізгі ережелер:

  • Ұйымдастырушылар: Ғылым және инновациялар департаменті (соның ішінде ИжҒТП бөлімі);
  • Қатысушылар: Университеттің штаттық қызметкерлері мен оқытушылары (кемінде 12 ай жұмыс өтілі бар);
  • Жоба жетекшісі: Ғылыми дәрежесі бар, университетте кемінде 36 ай жұмыс істеген, ҚР азаматы, сәйкес ғылыми жарияланымдары болуы тиіс;
  • Зерттеу түрі: іргелі немесе қолданбалы;
  • Жүзеге асыру мерзімі: 12 ай
  • Біз не ұсынамыз:
  • 2025 жылға арналған 4 грант – келешегі зор ғылыми жобаларды іске асыру үшін;
  • Әрбір жобаға 5 000 000 теңге көлемінде қаржылай қолдау;
  • Ғылыми қауымдастықта мойындалуға және қолдауға ие болу мүмкіндігі;
  • Конкурстың барлық кезеңінде жеке тәсіл мен толық сүйемелдеу.

Күтілетін нәтижелер:

Жобаны жүзеге асыру кезеңінде төмендегі нәтижелерге қол жеткізу қажет:

  • КОКНВО ұсынған және/немесе Scopus және Web of Science базаларында индекстелетін журналдарда жарияланымдар;
  • ҒЗЖ нәтижелерін РННТД жүйесінде тіркеу;
  • Нәтижелерді білім беру немесе өндірістік үдерісіне енгізу;
  • Патентке өтінім беру немесе авторлық құқықты тіркеу (бағытқа байланысты);
  • Ғылыми және қаржылық есепті жасау және қорғау.

Қаржыландыру:

Грант қаражаты келесі шығындарға жұмсалуы мүмкін:

  • Құрал-жабдықтар, материалдар мен бағдарламалық қамтамасыз ету сатып алу;
  • Іссапарлар (ел ішінде және шетелге);
  • Ғимараттар, жабдықтар және техниканы жалға алу;
  • Үшінші тарап ұйымдарының қызметтері (жоба сомасының 20%-нан аспауы тиіс).

Жалақы және басқа да шығындар қаржыландырылмайды.

Қажетті құжаттар:

  • Қатысушы туралы мәлімет (Қосымша А);
  • Жоба аннотациясы (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) (Қосымша Б);
  • Түсіндірме жазба (мемлекеттік/орыс және ағылшын тілдерінде)
  • (Қосымша В);
  • Жоба сметасы (Қосымша Г);
  • Кафедра отырысының хаттамасынан үзінді.

Өтінім қағаз және электронды түрде тапсырылады. Қағаз түрі нөмірленіп, тігілген және қол қойылған болуы тиіс.

Құжаттарды тапсыру мекенжайы: Қарағанды қ., Н. Назарбаев даңғылы, 56, бас корпус, 220-кабинет, E-mail: intp.department@ktu.edu.kz

Тел.: +7 (7212) 56-51-87, 56-68-22 (ішкі 2226)

Өтінімдер қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 11 шілдеден 01 қыркүйекке дейін

Қорытындылау тәртібі:

  • Жобалар 10 критерий бойынша конкурс комиссиясымен бағаланады (максималды балл – 100);
  • Жеңімпаздарды университет басқармасы бекітеді;
  • Ақпарат kstu.kz сайтында жарияланады;
  • Барлық өтінімдер түпнұсқалыққа тексеріледі (75%-дан төмен емес);
  • Қолданылмаған қаражат қосымша конкурс жариялауға бағытталады.

Жаңалықтарды университеттің ресми сайтынан бақылап отырыңыз!

Байқау туралы ереже.

Без рубрики