«Кеніштік аэрология және еңбекті қорғау» кафедрасы
Жолмагамбетов Нурбек Рысбекович Қарағанды политехникалық институтының (Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті) «Жүк көтеру, транспорт құрылыс, жол машиналары және жабдықтар» мамандығын (1990-1995 жылдар), және Д.А. Қонаев атындағы университеттің «Заңтану» мамандығын бітірген (2001-2003 жылдар).
2000 жылдан 2007 жылдар аралығында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Кеніштік аэрология және еңбекті қорғау» кафедрасында оқу зертханасының меңгерушісі, инженер, ассистент, оқытушы және аға оқытушысы қызметтерін атқарды.
2007 жылы кандидаттық диссертациясын сәтті қорғауына байланысты, техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.
2008 жылдан қазіргі уақытқа дейін Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Кеніштік аэрология және еңбекті қорғау» кафедрасының доценті қызметін атқаруда.
«Мемлекеттік тілде іс жүргізу», «Жаңа компьютерлік технологиялар және ПЭВМ жұмысы», «Ашық тау-кен жұмыстарының қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау» біліктілігін арттыру курстарын бітірген. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігінде Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс саласындағы Басшы құрам үшін біліктілікті арттыру курстарынан өткен. Қарағанды облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінде тағылымдамадан өткен. 2008 жылы «Педагогикалық емес ЖОО ОПҚ қызметінің тәжірибесіндегі кәсіби педагогикалық қызмет негіздері» біліктілікті арттыру курстарына қатысқан.
2007 жылы » Аспирациялық жүйенің ауақұбыры ішіне отырып қалған шаңмен сығылған ауа көмегімен жанамалай үру арқылы күресу жолдары» тақырыбында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады.
Байланыс деректері: +7-700-9176571, nurbekz@mail.ru.
СПИСОК ТРУДОВ Жолмагамбетова Н.Р