«Өнеркәсіптік қәуіпсіздік және экология» кафедрасы
Медеубаев Нұрмұхамбет Алмагамбетович 1986 жылы Қарағанды политехникалық институтын «Құрылыс» мамандығы бойынша бітірген. Қарағанды техникалық университетінде (ҚарТУ) 1990 жылдан бері жұмыс істейді: еңбек жолын «Сызба геометрия және инженерлік графика» (СГ және ИГ) кафедрасының ассистенті қызметінен бастап, 1993 жылы аға оқытушы лауазымына ауыстырылды. 1995–2002 жылдары Машина жасау факультеті деканының орынбасары қызметін атқарды. 2002–2016 жылдары «Дәнекерлеу өндірісі» кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істеді. 2016 жылдан бастап «Кеніштік аэрология және еңбекті қорғау» (КА және ЕҚ) кафедрасы профессорының міндетін атқарушы болып табылады.
2017 жылы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері атанды. «Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі ҚАЗТЕСТ», «Инженерлік педагогика бойынша оқыту семинары», «Білім беру саласындағы заманауи ақпараттық технологиялар», «Дуальды оқытудағы заманауи білім беру технологиялары» біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігінде төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс саласының басшы құрамына арналған біліктілікті арттыру курстарынан өтті. И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетінде «Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтті.
2007 жылы «Таратылған көмір шахталарынан метан эмиссиясымен күресу тәсілдерін тампонаждық құрамдарды қолдану арқылы жетілдіру» тақырыбында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. 2010 жылы оған «Адам қызметінің қауіпсіздігі» мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің 2025 жылғы 26 тамыздағы № 1494 бұйрығымен бекітілген шешімі бойынша оған «Жер және қоршаған орта туралы ғылымдар» ғылыми бағыты бойынша профессор ғылыми атағы берілді.
Байланыс деректері: +7 701 738 45 22, n.medeubaev@ktu.edu.kz.