«Кәсіпорын экономикасы мен менеджменті» кафедрасы


 Тажибекова Кашамида Базылбековна

 

Тәжібекова Кашамида Базылбековна, экономика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы, 1976 жылы 5 маусымда Қарағанды облысы Шахтинск қаласында дүниеге келген.

1998 жылы Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «Кәсіпорындағы Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша үздік бітірді, тау – кен инженер-экономист біліктілігін алды.

Еңбек жолын Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Экономика және менеджмент» кафедрасының ассистенті болып бастады. 1999-2004 жылдар аралығында аймақтық Даму институтында аспирантурада оқыды2007 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің диссертациялық кеңесінде 08.00.05  «Экономика және халық шаруашылығын басқару»  мамандығы бойынша мемлекеттік тілде  экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертация қорғады.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде 2009 жылдан бастап «Кәсіпорын экономикасы» кафедрасының доценті болып жұмыс істейді.  60-тан астам ғылыми және әдістемелік еңбектер, оның ішінде 13 оқу құралы мемлекеттік тілде жарық көрді: Кәсіпорын экономикасы, Макроэкономика, Экономикалық процестерді болжау және модельдеу, Мемлекеттік басқару теориясы, Әлеуметтік сала экономикасы, жоба-смета ісі, сақтандыру ісі, негізгі экономикалық пәндер бойынша 3 электрондық оқулық: Кәсіпорын экономикасы, Әлеуметтік сала экономикасы, Сақтандыру ісі, 15 әдістемелік нұсқау, оқулық және ғылыми басылым.

Без рубрики