Хабарландыру Каюмова Д.И. диссертациялық жұмысын қорғау туралы


«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ (PhD) философия докторы дәрежесін алу үшін Каюмов Дамир Ирекович 6D071800  – «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша «Электр жарықтандыру жүйелерін пайдалану процесінде энергетикалық параметрлердің сапасын бағалаудың жанама әдісін әзірлеу» тақырыбында докторлық диссертациясы қорғалады.

Қорғау тілі-орыс.

Диссертациялық жұмыс «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ «Өндірістік процестерді автоматтандыру», «Энергетикалық жүйелер», кафедрасында орындалды.

Ғылыми кеңесшілер:

  1. Булатбаев Феликс Назымович – техника ғылымдарының кандидаты, «Энергетикалық жүйелері» кафедрасының доценті, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ (Қарағанды қ.);
  2. Нешина Елена Геннадьевна – техника ғылымдарының кандидаты, «Энергетикалық жүйелері» кафедрасының меңгерушісі, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ (Қарағанды қ.);
  3. Юрченко Алексей Васильевич – техника ғылымдарының докторы, жоғары энергетикалық процестер физикасы ғылыми-зерттеу мектебінің профессоры, «Томск Ұлттық зерттеу политехникалық университетіне» ФГАОУ (Ресей Федерациясы, Томск қ.).

Ресми рецензенттер:

  1. Талипов Олжас Манарбекұлы – PhD докторы, доцент, Энергетика факультетінің деканы, «Торайғыров университеті» КЕАҚ (Павлодар қ.);
  2. Өмірзақова Анара Даукенқызы — PhD докторы, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ «Электр жабдықтарын пайдалану» кафедрасының меңгерушісі (Астана қ.).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  1. Исабеков Жанат Бейсембайұлы — PhD докторы, «Торайғыров университеті» КЕАҚ «Электротехника және автоматтандыру» кафедрасының меңгерушісі (Павлодар қ.);
  2. Малоземов Борис Витальевич — техника ғылымдарының кандидаты, доцент (ЖАК), Новосібір мемлекеттік техникалық университетінің электротехникалық кешендер кафедрасының доценті (Ресей Федерациясы, Томск қ.);
  3. Саухимов Алмаз Абжалиевич — PhD докторы, «KEGOC» АҚ (Астана қ.) ұлттық электр желілерін дамыту жөніндегі Басқарушы директоры.

Докторлық диссертацияны қорғау 2025 жылдың 10 қыркүйегінде, сағат 16.00-де «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ-да өтеді.

Мекен жайы: 100027, Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56. Қорғау отырысы онлайн-режимінде Zoom-платформасында (конференцияның идентификациялық номері 859 642 2311, кіру коды 1953) өтеді.

Сайт мекен-жайы: www.kstu.kz

Диссертацияның мазмұны бойынша бейресми пікірлерді қорғауға одан әрі ұсыну үшін диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы Нұрмағанбетова Гүлім Сахитовнаға электрондық поштаға жіберу қажет, e-mail: g_sahitovna@mail.ru

Без рубрики