«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ (PhD) философия докторы дәрежесін алу үшін Бекбаева Ләззәт Ақылбайқызы 8D07203 — «Металлургия» мамандығы бойынша «Металл қорытпалары және күрделі бейорганикалық заттар балқымаларының тұтқырлығына қатысты сұйықтықтың кластерлі-ассоциациялық теориясын дамыту» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертациялық жұмыс «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ «Металлургия және жаңа материалдар» кафедрасында орындалды.
Диссертациялық жұмысты қорғау тілі: орыс тілі.
Ғылыми кеңесшілер:
- Макашева Астра Мундуковна – техника ғылымдарының докторы, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ «Металлургия және жаңа материалдар» кафедрасының профессоры, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы;
- Мамяченков Сергей Владимирович – техника ғылымдарының докторы, профессор, Б.Н. Ельцин атындағы Ресейдің тұңғыш Президенті атындағы Орал федералдық университетінің Материалтану және металлургия институты Түсті металдар металлургиясы кафедрасының меңгерушісі, Екатеринбург қ., Ресей Федерациясы.
Ресми рецензенттер:
- Жунусов Аблай Каиртасович – 05.16.02 «Қара, түсті және сирек металдар металлургиясы» мамандығы бойынша техника ғылымдарының кандидаты, профессор, «Торайғыров университеті» КеАҚ «Металлургия» кафедрасының меңгерушісі, Павлодар қ., Қазақстан Республикасы;
- Толымбекова Лязат Байгабыловна – 05.16.02 «Қара, түсті және сирек металдар металлургиясы» мамандығы бойынша техника ғылымдарының кандидаты (Ресей Федерациясы), 6D070900 «Металлургия» мамандығы бойынша философия докторы (PhD), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Химия» кафедрасының доценті м.а., Астана қ., Қазақстан Республикасы.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Салина Валентина Алексеевна – техника ғылымдарының кандидаты, Ресей ғылым академиясы Орал бөлімшесінің академик Н.А. Ватолин атындағы Металлургия институты Ұнтақты және композициялық материалдар зертханасының аға ғылыми қызметкері, Екатеринбург қ., Ресей Федерациясы;
- Ким Сергей Васильевич – техника ғылымдарының кандидаты, «Металлургия» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессоры (доценті), «Рентан» ЖШС директоры, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы;
- Айткенов Нурбек Болатович — философия докторы (PhD), «Қарағанды индустриалдық университеті» КеАҚ «Металлургия және материалтану» кафедрасының доценті, Теміртау қ., Қазақстан.
Қорғау форматы аралас түрде 2026 жылдың 28 тамыз күні, сағат 10.00-де, Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56/2, 2 корпус, 206 аудиторияда, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ мекенжайы бойынша өткізіледі.
Диссертациялық кеңестің мекенжайы: 100027, Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56/2, 2 корпус – 223 ауд.
Сілтеме:
https://us04web.zoom.us/j/2891778382?pwd=ERDOAW-MxeY&omn=74424629515
Конференция идентификаторы: 289 177 8382
Кіру коды: 1953
Диссертация мазмұны бойынша бейресми пікірлерді қорғауда ұсыну үшін диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы Аринова Сания Қасқатаевнаға электрондық пошта арқылы жіберу қажет. E-mail: s.arinova@ktu.edu.kz