«Дәнекерлеу және құю өндірісі» кафедрасының ғылыми қызметтері кафедраның ғылыми-зерттеу зертханасының жұмыс жоспарымен анықталады және кафедраның жұмыс жоспарына сәйкес орындалады. Кафедраның ғылыми қызметтерінің негізгі бағыттары қоданбалы түрде болады және шаруашылық шарт жұмыстарын орындауымен байланысты.
ҒЗЖ және СҒЗЖ нәтижелері мерзімді басылымдарда жарық көріп, әр түрлі конференцияларда баяндалынады, кандидаттық және докторлық диссертациялар дайындамасында пайдаланылады.
Университетте жұмыскерлерді дәнекерлеу технологиялары оқыту бойынша бірқатар курстар, сонымен қатар кәсіби мектептердің оқытушыларына және өндіріс мамандарына квалификацияларын жоғарылату бойынша курстар өткізілді.
Оқудағы жоғары жетістіктері үшін, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, конференцияларда, дебаттарда белсене қатысқандары үшін кафедра студенттері мақтау қағаздары, дипломдармен, мадақтамамен, құрмет хаттарымен, степендиялармен марапатталған.
Кафедраның ПОҚ құрамы мен оқытушыларының жетекшілігімен студенттерді ғылыми жұмыстарға қатыстыру үшін кафедрада үнемі студенттік ғылыми үйірмелер жұмыс істейді.
.
ҒЗЗ — 15 «Дәнекерлеушінің және құйманың металлургиялық үдерістері»