«Қазақстан тарихы» кафедрасы
Т. А. Ж. Қартова Зәуре Кеңесқызы
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы:
тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.
Білімі: 1985-1990 жж. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті. Тарихшы. Тарих және қоғамтану пәні оқытушы.
Е–mail: kartov_m@mail.ru
Академиялық және кәсіби тәжірибе:
2026 – қазіргі уақытқа дейін: «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі
2014–2020; 2022–2025: М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің тарих, экономика және құқық факультетінің деканы.
2020–2022: М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті жанындағы «Рухани жаңғыру» әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер институтының директоры.
Қазақстан Республикасы Жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің ғылыми жобалар жетекшісі және гранттық жобаларды зерттеу тобының мүшесі.
2021–2023: Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жұмыс тобының жетекшісі.
Ғылыми жетістіктері:
Өз мамандығына сәйкес 5 монографияның, 3 ұжымдық ғылыми жарияланымның, 16 оқулық пен оқу-әдістемелік құралдарының, сондай-ақ мерзімді басылымдардағы 100-ден астам ғылыми мақалалардың, оның ішінде уәкілетті орган ұсынған ресейлік журналдарда 14 мақаланың және Scopus тізіміне енгізілген халықаралық рецензияланған ғылыми журналдарда 3 мақаланың авторы. Хирш индексі (h-индекс): 1.
Негізгі жобалар:
2020-2021 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Алтын Орда және Алтын Ордадан кейінгі мемлекеттердің хандық жарлықтарын анықтау (эвристика) және классификациялау» тақырыбындағы гранттық жобасының ғылыми жетекшісі (IRN ARO8956286).
2023-2025 жж. Қазақстан Республикасы Жоғары білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің: «XV-XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығы билеушілерінің нарративті құжаттарын текстологиялық талдау және зерттеу» тақырыбындағы гранттық жобасының ғылыми жетекшісі (IRN AR19676930).
2023-2025 жж «Солтүстік Қазақстанның ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі тарихы» бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру ғылыми жобасының жұмыс тобының мүшесі (IRN BR21882225).
2025-2026 жж. Қазақстан Республикасы Әскери және ғылыми істер министрлігі Ғылым комитетінің «Қазақстандық әскери тұтқындардың Польша, Ресей, Украина, Беларусь және Балтық жағалауы елдеріндегі фашистік концлагерьлерде болу тарихы» ғылыми жобасының гранттық қаржыландыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі (IRN AR22210).
Марапаттары:
«Құрмет» ордені (2022)
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Білім ісінің құрметті қызметі» төс белгісі (2024 )
«Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» Қазақстан Республикасының ғылым саласындағы ерекше еңбегі үшін төсбелгісі (2025)
«Белсенді қызметі үшін» АМАНАТ партиясының төс белгісі (2025)
Жоғары білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасы (2026)
Қабылдау кестесі: сәрсенбі 15:00-ден 16:00-ге дейін.