Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті жанындағы кадрларды даярлау бағыттары бойынша Оқу-әдістемелік бірлестігі – жобаларды басқару топтары


Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ жанындағы оқу-әдістемелік бірлестік — жобаларды басқару тобы ҚР БҒМ 2018 жылғы 12 қазандағы № 562 бұйрығымен құрылды (2024 жылғы 8 тамыздағы № 400 ҒЖБМ бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулармен), оған сәйкес бүгінгі күні Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті Бас ұйым болып бекітілді:

Кадрлар даярлау бағыттары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктер

Білім беру саласының коды мен атауы Даярлау бағытының коды мен атауы
6В07 -7МО7 — 8D07 Инженерлік, өңдеуші және құрылыс салалары 071 Инженерия және инженерлік іс (Механика және металл өңдеу)
072 Өндірістік және өңдеуші салалар (Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру)
075 Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)
бВ11 -7М11 — 8D11 Услуги 112 Өндірістегі гигиена және еңбекті қорғау

Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ жанындағы ОӘБ-ЖБТ өз жұмысында жоғары оқу орындары жанындағы оқу-әдістемелік бірлестіктердің қызметі туралы Ережені басшылыққа алады, ҚР БҒМ 12.10.2018 ж. № 562 бұйрығы (2024 жылғы 8 тамыздағы № 400 бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді)

Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ жанындағы ОӘБ-ЖБТ қызметінің негізгі бағыттары:

1) кадрлар даярлау бағыттары бойынша ОӘБ-ның оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысына басшылық жасау;

2) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жәрдемдесу;

3) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсынымдар дайындау;

4) Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының жіктеуішіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды келісу;

5) инновациялық білім беру технологияларын енгізу бойынша ұсыныстарды қарау және ұсынымдар дайындау;

6) қосымша білім берудің, педагог кадрларды даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламалары бойынша ұсынымдар әзірлеу;

7) білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың перспективалық және тиімді бағыттарын, оның ішінде Еуропа Кеңесімен, Болон процесінің Хатшылығымен, Болон процесінің Жұмыс тобымен Болон процесінің міндетті, ұсынымдық және факультативтік параметрлерін орындау мәселелері бойынша талдау және айқындау;

8) Болон декларациясының қағидаттарын, оқытудың кредиттік технологиясын, академиялық ұтқырлықты, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді қамтамасыз ету және сапа кепілдігі жүйесін енгізу және ілгерілету бойынша ЖОО жұмысын үйлестіру;

9) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің халықаралық бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

10) алдағы оқу жылына арналған ОӘБ-ның жұмыс жоспарларын келісу;

11) оқу жылындағы қызметі туралы есеп және осы Ережеге 2-қосымшада көзделген ОӘБ қызметінің түйінді көрсеткіштері (KPI) негізінде ОӘБ қызметін талдау.

Без рубрики