Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті «SaginovFund: Ішкі ғылыми бастамаларға қолдау» бағдарламасы аясында университет қызметкерлері арасында ғылыми жобалар конкурсын жариялайды.
Конкурстың мақсаты: Конкурстың негізгі мақсаты – университет ғалымдарының ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру және олардың ғылыми әлеуетін арттыру.
Негізгі ережелер:
- Ұйымдастырушылар: Ғылым және инновациялар департаменті (соның ішінде ИжҒТП бөлімі);
- Қатысушылар: Университеттің штаттық қызметкерлері мен оқытушылары (кемінде 12 ай жұмыс өтілі бар);
- Жоба жетекшісі: Ғылыми дәрежесі бар, университетте кемінде 36 ай жұмыс істеген, ҚР азаматы, сәйкес ғылыми жарияланымдары болуы тиіс;
- Зерттеу түрі: іргелі немесе қолданбалы;
- Жүзеге асыру мерзімі: 12 ай
- Біз не ұсынамыз:
- 2025 жылға арналған 4 грант – келешегі зор ғылыми жобаларды іске асыру үшін;
- Әрбір жобаға 5 000 000 теңге көлемінде қаржылай қолдау;
- Ғылыми қауымдастықта мойындалуға және қолдауға ие болу мүмкіндігі;
- Конкурстың барлық кезеңінде жеке тәсіл мен толық сүйемелдеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жобаны жүзеге асыру кезеңінде төмендегі нәтижелерге қол жеткізу қажет:
- КОКНВО ұсынған және/немесе Scopus және Web of Science базаларында индекстелетін журналдарда жарияланымдар;
- ҒЗЖ нәтижелерін РННТД жүйесінде тіркеу;
- Нәтижелерді білім беру немесе өндірістік үдерісіне енгізу;
- Патентке өтінім беру немесе авторлық құқықты тіркеу (бағытқа байланысты);
- Ғылыми және қаржылық есепті жасау және қорғау.
Қаржыландыру:
Грант қаражаты келесі шығындарға жұмсалуы мүмкін:
- Құрал-жабдықтар, материалдар мен бағдарламалық қамтамасыз ету сатып алу;
- Іссапарлар (ел ішінде және шетелге);
- Ғимараттар, жабдықтар және техниканы жалға алу;
- Үшінші тарап ұйымдарының қызметтері (жоба сомасының 20%-нан аспауы тиіс).
Жалақы және басқа да шығындар қаржыландырылмайды.
Қажетті құжаттар:
- Қатысушы туралы мәлімет (Қосымша А);
- Жоба аннотациясы (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) (Қосымша Б);
- Түсіндірме жазба (мемлекеттік/орыс және ағылшын тілдерінде)
- (Қосымша В);
- Жоба сметасы (Қосымша Г);
- Кафедра отырысының хаттамасынан үзінді.
Өтінім қағаз және электронды түрде тапсырылады. Қағаз түрі нөмірленіп, тігілген және қол қойылған болуы тиіс.
Құжаттарды тапсыру мекенжайы: Қарағанды қ., Н. Назарбаев даңғылы, 56, бас корпус, 220-кабинет, E-mail: intp.department@ktu.edu.kz
Тел.: +7 (7212) 56-51-87, 56-68-22 (ішкі 2226)
Өтінімдер қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 11 шілдеден 01 қыркүйекке дейін
Қорытындылау тәртібі:
- Жобалар 10 критерий бойынша конкурс комиссиясымен бағаланады (максималды балл – 100);
- Жеңімпаздарды университет басқармасы бекітеді;
- Ақпарат kstu.kz сайтында жарияланады;
- Барлық өтінімдер түпнұсқалыққа тексеріледі (75%-дан төмен емес);
- Қолданылмаған қаражат қосымша конкурс жариялауға бағытталады.
Жаңалықтарды университеттің ресми сайтынан бақылап отырыңыз!