2023-2025 жылдарға арналған «Жас Ғалым» – 4 мемлекеттік бюджеттік қаржыландыру жобалары бойынша ақпарат


AP19174909 Режимдерді оңтайландыру арқылы арматуралық өзекшелер мен әртүрлі цилиндрлік дайындамалардың түйістіріп дәнекерлеу сапасын арттыру — Ғылыми жетекшісі Есиркепова А.Б.

Зерттеу өзектілігі: Түйістіріп дәнекерлеу әдісінің технологиялық мүмкіндіктерін дамыту.

2025 жылдың екінші жартыжылдығында қол жеткізілген нәтижелер:
1) Компьютерлер мен компьютерлік модельдеуді қолдана отырып, режимдерді оңтайландыру арқылы түйістіріп дәнекерлеу әдісінің технологиялық мүмкіндігі жетілдірілді.
2) Экспериментті жоспарлау. Контактты түйістіріп дәнекерленген қосылыстың сапасын арттыру мақсатында эксперименттер жүргізіліп, математикалық тәуелділіктер анықталды, регрессиялық теңдеу алынды.
3) Дәнекерленген қосылыстын беріктігін анықтау үшін үлгілерге статикалық созылу сынағы жүргізіліп, жүктемелерге байланысты созылу беріктік шегі анықталды.
4) Созылуға сынаудан алынған нәтижелерін салыстыру мақсатында SolidWorks бағдарламасында модельдеу жүргізілді.

2025 жылдың екінші жартыжылдығындағы жарияланымдар тізімі:
— Шетелдік басылымдарда:
1. Scopus базасында CiteScore бойынша 50 (елу) жоғары процентилі бар жобаның ғылыми бағыты бойынша рецензияланатын ғылыми журналда екі мақала: Aiym Yessirkepova, Karibek Sherov, Medgat Мussayev, Nazerke Abisheva, Nursulu Tuliyeva. Investigation of the quality of joining cylindrical blanks by resistance flash-butt welding // International Journal of Innovative Research and Scientific Studies, 8(6) 2025, pages: 3067-3078. В базе Скопус CiteScore 2.1., Процентиль 67%. Q2. https://ijirss.com/index.php/ijirss/article/view/10269
2. А. Есиркепова, К.Т. Шеров, Б.Н. Абсадыков, М.Р. Сихимбаев. Соединение металлических цилиндрических заготовок способом контактной стыковой сварки и испытание на растяжение (қабылданды және ақшасы төленді, желтоқсанда шығады), Процентиль 72%. Q2.

— Отандық басылымдарда:
1. Есиркепова А.Б., Шеров К.Т. Арматура өзекшелерін түйістіріп біріктіру тәсілдерін эксперименттік зерттеу. «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ профессоры, т.ғ.д., Шеров Карибек Тагаевичтын 60 жылдық мерейтойына арналған «Машина жасау саласын дамыту және жаңа формациядағы жоғары білікті кадрларды даярлау» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. — Астана: ҚазАТУ баспасы, 2025. — С.198-200.
https://kazatu.edu.kz/ru/pages/nauka/novosti-nauki_20220121052309/sborniki-naucnyh-konferencij
2. ҒЖБССҚК ұсынған отандық журналда бір мақала: А.Б. Есиркепова, Н.Б. Абишева, А.К. Шеров, Н.Ж. Карсакова, С.И. Мендалиева. Түйістіріп дәнекерленген қосылыстарды айна-көлеңке әдісімен сапасын бақылау. Наука и техника Казахстана, № 3 (2025), 64-78 cтр.
https://stk.tou.edu.kz/storage/journals/160.pdf
3. Бір монография: А.Б. Есиркепова, К.Т. Шеров. Арматуралық өзекшелер мен әртекті цилиндрлік дайындамаларды түйістіріп дәнекерлеу технологиясы: Монография /А.Б. Есиркепова, К.Т. Шеров; «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды Техникалық университеті» КеАҚ. -Қарағанды: «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды Техникалық университеті» КеАҚ баспасы, 2025, -106 б. ISBN 978-601-355-596-6.

Зерттеу тобы:
1. Ғылыми жетекші: PhD, аға оқытушы Есиркепова Айым Бакытбековна.
2. Ғылыми кеңесші: т.ғ.д., профессор Шеров Карибек Тагаевич.
Ықтимал пайдаланушыларға арналған ақпарат:
Түйіспелі дәнекерлеу әдісімен алынған дәнекерленген қосылыстардың металлографиялық зерттеуі (бақылау) жүргізілді. Әртүрлі режимдерде түйіспелі дәнекерлеу арқылы дайындалған әртүрлі сынамалардан шлифтер дайындалды.

  а) б) в)

а) аппараттық шлифтеу процесі; б) айна тәрізді күйге дейін кезең-кезеңмен шлифтеу; в) дайындалған үлгілер

Сурет 1 – Әртүрлі үлгілерден шлиф дайындау процесі
Шлиф дайындалғаннан кейін үлгінің микроструктурасы MAGUS оптикалық микроскопымен қаралды және кейбір үлгілерде келесі ақаулар анықталды: ақ дақтар, металлдың күйіп кетуі, тот түзілуі, металл емес қосылыстармен бітелу, микроскопиялық жарықтар, көпіршіктер және басқа да құрылымдық ақаулар.

 

а)

 

б)

 

в)

    

г)

а) ақ дақтар; б) тесіктер; в) микрожарықтар, металл емес қоспалар; г) ақаусыз

Сурет 3 – Әртүрлі дәнекерленген үлгілердің микроскопиялық талдауы

Шлифтердің макро- және микроструктурасын талдау нәтижесінде анықталғандай, 95% үлгілерде, дәнекерлеудің оңтайлы режимдерінде дайындалған шовта жарықтар, балқытулар, қосылмаған ақаулар, тесіктер мен көпіршіктер, сондай-ақ шлак және басқа қоспалар анықталған жоқ.
Алынған нәтижелерге апробация жасалды және зерттеу нәтижелерін өндіріске еңгізу үшін «Конструкторлық бюро STEP» ЖШС-не берілді.
Қолдану саласы: Машинажасау және құрылыс өңдірісінде.

AP19175058 Қазақстан Республикасының машина жасау кәсіпорындары жағдайында қиын өңделетін материалдарды кесу процестерін сандық модельдеу — Ғылыми жетекшісі Доненбаев Б.С.

Өзектілігі
Тетіктердің пішінін өзгерту технологиясының дамуына қарамастан, механикалық өңдеу негізгі түрі болып қала береді. Бет сапасына қойылатын жоғары талаптар ірі габаритті тетіктерді өңдеу технологиясын жетілдіру қажеттілігін туындатады. Әсіресе, Қазақстан Республикасы (ҚР) машина жасау кәсіпорындарында қиын өңделетін материалдардан ойықтар, сатылар, жырашалар мен жиекті қуыстар жасау кезінде қиындықтар туындайды.
Өңделген беттің сапа көрсеткіштерін қамтамасыз ететін оңтайлы кесу режимдерін анықтауға нақты эксперименттер жүргізу қымбатқа түседі әрі тиімсіз болып табылады. Қиын өңделетін материалдарды өңдеудің тиімділігін әмбебап бағдарламалық кешендердегі өңдеу процестерін сандық модельдеу арқылы арттыруға болады. Бұл өз кезегінде өңдеу процестерін модельдеу бойынша жаңа әдістемені әзірлеуді қажет етеді. Мұндай әдістеме жасау деформациялар, кернеулер, температура және кесу күштерінің таралуы туралы деректерді өңдеу аймағында алуға мүмкіндік береді.
Алынған нәтижелерді талдау кесу режимдерінің және құрал геометриясының оңтайлы параметрлерін таңдауға, сондай-ақ құралдың төзімділігін және өңделетін беттің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

2025 жылдың 2-ші жартыжылдығындағы қол жеткізілген нәтижелер:
Бұл жұмыста 15Х12ВМФ жоғары легирленген болатты жоғары жылдамдықпен фрезерлеу процесін сандық модельдеу әдістемесі әзірленді. Кесу режимдерінің температура мен кернеуге әсері анықталып, фрезерлеу аймағындағы термодеформациялық өрістер мен құрал тозуын болжау мүмкіндігі көрсетілді. Алынған нәтижелер өңдеуі қиын материалдарды фрезерлеу режимдерін оңтайландырудың ғылыми негізін қалады.

2025 жылдың 2-ші жартыжылдығындағы жарияланымдар тізімі:
2025 жылда зерттеулердің нәтижелері бойынша шетелдік басылымдарда келесідей еңбектер жарияланды:
2. Donenbayev B, Sherov K, Mardonov B, Makhmudov L, Magavin S, Rakishev A and Sherov A (2025) Research and modelling of the high-speed milling process of heat-resistant high-alloy steel. Front. Mech. Eng. 11:1680007. https://doi.org/10.3389/fmech.2025.1680007;
3. Donenbayev, B. ., Sherov, K. ., Bakirov, M. ., Tazhenova, G. ., & Rakishev, A. . (2025). Numerical simulation of milling of difficult-to-machine materials for cutting optimization. International Journal of Innovative Research and Scientific Studies, 8(8), 341–350. https://doi.org/10.53894/ijirss.v8i8.10673. В базе Скопус CiteScore 2.1., Процентиль 67%. Q2.

Зерттеу тобы
Доненбаев Б.С. – ғылыми жетекші, PhD доктор, ҚазМИРР аға ғылыми қызметкер
Магавин С.Ш. — ғылыми кеңесші, КазАТИУ т.ғ.к., доцент
Потенциалды пайдаланушыларға арналған ақпарат
Алынған нәтижелер кесу құралының құрылымын жетілдіру мен қиын өңделетін материалдарды фрезерлеу процесінің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін, соның ішінде өңделген беттің сапасын, өнімділікті және энергия шығынын оңтайландырудың ғылыми негізін қалады.

Қолданылу саласы
Зерттеу нәтижелері мен әзірленген әдістеме келесі бағыттарда қолданылуы мүмкін:
— Қазақстан Республикасының механикалық өңдеу және аспап жасау кәсіпорындарында;
— қиын өңделетін материалдарды — ыстыққа төзімді, титан және тот баспайтын қорытпаларды өңдеу технологиялық процестерін жобалау кезінде.

       

AP19174774 «Жер асты тау — кен жұмыстарының жер үсті әлеуметтік объектілеріне әсерін зерттеу» — Ғылыми жетекшісі Н. Хуанган

Өзектілігі
Кен өндіруді камералық-бағаналы жүйемен жүргізу ең тиімді саланың бірі болып табылады. Қолданылатын технологияның елеулі кемшіліктері – өндірілген кеңістікті (бос жерлерді) ұстап тұру үшін қалдырылған кентіректердегі кеннің тұтастай жоғалуы, ұзақ қызмет ету мерзіміне (онжылдыққа) байланысты қуыстар көлемінің жиналуы және тұтастықтар жойылғаннан кейін олардың құлауы болып табылады. Үлкен аудандарда өндірілген кеңістіктердің кенеттен құлауы техногендік жер сілкіністерімен бірге жүреді.
1996 жылы жер сілкіністерімен қатар жүретін бірқатар ірі құлаулардан кейін ҚР МТН комитетімен келісіліп, қалыптасқан тау-кен техникалық және геомеханикалық жағдайларда Жезқазған кен орнын одан әрі тиімді және қауіпсіз игерудің жаңа Тұжырымдамасы әзірленіп, ҚР өнеркәсіп және сауда министрі оны бекітті. Онда кен орнын өнеркәсіптік пайдалану аяқталатын үш қағидаттық ереже тіркелді: 1) қалған баланстық қорларды пысықтауды камералық-бағаналы жүйемен жүргізу, ол үшін Жезқазған жағдайында қатардағы және құндылығы төмен кен өндіру үшін бұдан артық қолайлы балама жоқ; 2) қалған баланстық қорларды бастапқы игерумен бір мезгілде бұрын қалған баланстық қорларды қайта игеруді жүргізу 3) қайта игеру барысында жинақталған бос орындарды өздігінен құлаумен басқарылатын қалыңдықтың орнын толтыруды жүргізуге міндетті.
Жобаның негізгі мақсаты – тау-кен жұмыстарының әсерінен Жезқазған кентінің аумағындағы сейсмикалық қауіпті бағалау.
Кен денелерін және/немесе камерааралық кентіректерді игеру кезінде жер асты тау-кен жұмыстарының жер бетінің деформациясына әсері инженерлік және ғылыми зерттеулер үшін, оның ішінде геомеханика саласында арнайы әзірленген COMSOL және MATLAB қолданбалы бағдарламаларының пакеттерін пайдалана отырып, соңғы элементтер әдістерімен массивтің кернеулі-деформацияланған күйі сандық модельдеу арқылы зерттеледі.
Жерасты тау-кен жұмыстарының күзет объектілерінің тұрақтылығына әсерін бағалау үшін жылжымалы мульда бетінің абсолютті (мм) және салыстырмалы (мм/м) шөгінділері пайдаланылады.
Бейінді сызықтар бойынша тау-кен массивінің жылжуын және күндізгі беттің өңделетін учаскелерінің геомеханикалық күйін сандық модельдеуді есептеу тік шөгінділердің мәндерін береді. Бұдан жылжымалы аймаққа түсетін жер үсті объектілерінің ықтимал елеулі деформациялары туралы және тиісінше – Жезқазған және Крестовский кенттерінің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіру қажеттілігі туралы тұжырым жасалады.

2025 жылдың 2 жартыжылдығына арналған жарияланымдар тізімі
1. БҒСБК базасына кіретін журналда 1 мақала. Н. Хуанган, С.Т. Асаинов, Р.К.Камаров, А.З. Капасова «Исследования влияния повторной отработки запасов на состояние поверхностных объектов» Университет еңбектері, №1 (98) 2025, «Геотехнология. Тіршілік қауіпсіздігі», 208-215 б. DOI 10.52209/1609-1825_2023_3_213,).
2. Scopus Mining of Mineral Deposits базасына кіретін журналда 1 мақала жарияланды (Mining of Mineral Deposits, процентиль 76, Q1 (Nurbol Khuangan, Sergey Asainov, Timur Khojayev, Zhanat Azimbayeva, Kobey Atageldiyev, Gulnur Nurshaiykova, Asel Akylbayeva, «Predicting the magnitude of technogenic earthquakes during underground mining of the Zhezkazgan ore field» Mining of Mineral Deposits. ISSN 2415-3443 (Online) | ISSN 2415-3435 (Print) Volume 18 (2024), Issue 1, 45-53. https://doi.org/10.33271/mining18.01.045)
Зерттеу тобы
Хуанган Нурбол, «Кен ісі» мамандығы бойынша PhD, профессордың асс.
Индекс Хирша-5
https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57191875943, https://orcid.org/my-orcid
Author ID в Scopus: 57191875943
ORCID ID: 0000-0001-9609-6649
Асаинов Сергей Турсунович, т.ғ.к., ПҚКБ кафедрасының аға оқытушысы.
Ықтимал пайдаланушыларға арналған ақпарат
Әлеуетті пайдаланушыларға арналған ақпарат
Қорғалатын жер үсті нысандарының астындағы қорларды өңдеудің ғылыми негізделген тәртібі әзірленді.
Жер асты өндірудің жер үсті нысандарына әсерін бағалау әдістемесі әзірленді.
Алынған зерттеу нәтижелері кен орнының нақты аумақтарында жер асты өндірудің орындылығы немесе мүмкін еместігі туралы негізделген қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.
Қолдану саласы
Пайдалы қазбаларды жер асты тәсілімен игеруді жүргізетін тау-кен кәсіпорындары.

Без рубрики