Жаңалықтар


«Пайдалы қазбалар кен орындарын өңдеу» кафедрасы


ҚарМТУ-да «Case-in» Халықаралық инженерлік чемпионатының іріктеу кезеңі өтті.

03/12/2019

 

12 наурызда Қарағанды ​​мемлекеттік техникалық университетінде тау-кен өнеркәсібі саласындағы инженерлік жағдайларды шешу бойынша VII Халықаралық чемпионатының студенттік лигасының іріктеу кезеңі өтті.

«Case-in» Халықаралық инженерлік чемпионаты — инженерлік жағдайларды шешу бойынша Ресейде және ТМД елдерінде тәжірибеге бағдарланған ірі сайыс.

«Case-in» чемпионаты — жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары арасында іріктеу сатыларынан тұратын және Мәскеуде өтетін соңғы кезеңнен тұратын байқау.

Іріктеу кезеңдерінің бір бөлігі ретінде командалар нақты кәсіпорынның өзекті мәселелеріне арналған инженерлік кейстерді шешеді. Әрбір іріктеу кезеңінің жеңімпазы Чемпионаттың финалына қатысуға құқығы бар 1 командаға айналады.

Case-in чемпионаты Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі мен Ресейдің ірі тау-кен компанияларының қолдауымен «Надежная Смена» АҚБ-мен бірлесіп ұйымдастырылды. ҚарМТУ биыл алтыншы рет осы чемпионатқа қатысты. Биыл біздің университетіміздегі конкурстың аймақтық кезеңі екі бағытты (Лига) қамтыды: тау-кен (8 команда) және энергетика (8 команда).

Іріктеу кезеңіне қатысушыларының идеялары аймақтық ірі компаниялардың, осы саладағы сарапшылардың және бизнес-кейстердің мамандарынан, сондай-ақ университет ғалымдарынан тұратын арнайы құрылған сарапшылар алқасымен бағаланды.

«Тау-кен ісі» бағыты бойынша іріктеу турнирінің нәтижелері бойынша жеңімпаз және жүлдегерлер командалары анықталды, оның ішінде 1-орын алған команда Чемпионаттың ақтық кезеңіне қатысады:

 

1 орын — «Перемена» командасы (Орынбек Е.Е. — ГДМ-18-1 тобының магистранты, Жакупов А.Б. — ГД-16-1 тобының студенті Қорқытбек А. — ГД-17-1 тобының студенті); «Перемена» командасының ғылыми кеңесшісі: Исабек Т.К. – т.ғ.д., ПКОҚӨ кафедрасының профессоры;

 

2 орын — «Bim-технологии» командасы (ГД-16-7 тобының студенті Бурак Ю.С., ГД-16-7 тобының студенті Шарафутдинов Р.Р., ГД-16-7 тобының студенті Мазур-Соцкий К.А. ); «Bim-технологии» тобының ғылыми кеңесшісі: В.Н. Долгоносов — т.ғ.д., МІжәнеГ кафедрасының профессоры;

 

3 орын — «Ископаемые» командасы (Панферов Д.И. — ГД-16-9 тобының студенті, Набиев Т.К. — ГД-16-8 тобының студенті, Калинин Д. — ГД-16-9 тобының студенті, Иконописцева Е.О. — ГД-16-8 тобының студенті); «Ископаемые» командасның ғылыми кеңесшісі: Мусин Р.А. — ПКОҚӨ кафедрасының аға оқытушысы;

2019 жылдың мамыр айының соңында жеңімпаз команда дәстүрлі түрде Мәскеуде өтетін жарыстың финалына қатысады. Онда олар үздік инженерлік студенттік командалардың атағы үшін бәсекеге түседі және жетекші салалық компанияларда біліктілігін аттыру және тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие болады.


Тәжірибеге бағытталған оқыту технологиясы

 

2019 жылдың 25 ақпанында Т.ғ. к. М. С. Үсенбеков Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжінде «Тазарту жұмыстарының технологиялық схемалары» пәні бойынша ГД-16-1 және ГД-16-2 топтарының студенттерімен «Тазарту жұмыстарының процестері»тақырыбында ашық сабақ өткізді.  Сабақтар «Арселор Миттал Теміртау»АҚ КД Күзембаев шахтасы мысалында тау-кен-геологиялық жағдайлары түсіндірілді. Ашық сабақ аясында студенттер Қарағанды көмір бассейнінің оқу шахтасы мен тарихи мұражайына барды.

 

 

2019 жылғы 15 ақпанда «Арселор Митал Теміртау» АҚ КД Костенко атындағы шахтада т.ғ. к. Ю. М. Стефлюк және «Nova Цинк» ЖШС Ақжал кенішінде ГД-16-4 тобының студенттерімен «металл рамалы және анкерлік бекітпені тұрғызу технологиясы» тақырыбында дәріс-таныстыру сабағын өткізді.

 

Тәрбиелік жұмыс

2019 жылы 13 ақпанда Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына арналған НД-17-1 тобында кураторлық сағат өткізілді (13.02.19 ж. №3 хаттама). Кураторлар Арыстан И. Д. және Матаев А. К.

 

Пайдалы қазбаларды қазып өңдеу кафедрасының аға оқытушысы Стефлюк Ю.М.  және кафедраның инжнері Торемуратова Р.  ГД-16-4 (ШПС) тобының студенттерін 2018 жылдың 09 қарашасында  Саран шахтасына  экскурсияға апарды. Экскурсия барысында  шахтадағы қазбалармен және жерастындағы кеншілер жұмыс істейтін техникамен танысты.

ҚарМТУ Тау-кен факультеті,  Пайдалы кен орындарын қазып өндіру кафедрасының жетекшісі PhD доктор Имашев Асқар Жанболатович пен Назарбаев университеті Тау-кен және жер туралы ғылымдар мектебінің жетекшісі профессор  Фиделис Суоринени арасында өзара тиімді ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша келісімдерге қол жеткізілді. 25.10.2018ж.

Назарбаев Университетінің базасында 2018 жылы қазан айының 25 күні Жаңа Оңтүстік Уэльс университетінің профессоры Брюс Хебблуайт “Болашақтағы тау-кен инженері мамандығының даму бағыттары  туралы” дәрісі оқылып, аудиторияның сұрақтарына толығымен жауап берді. Дәріске университетіміздің PhD докторы Имашев Асқар Жанболатович мен докторанттар Кыдрашов Адилжан Бекежанович , Хусан Болатхан қатысты.

Алда келе жатқан жаңа жыл ұлт руханиятының «Үш бәйтерегі»  қазақтың асқақ рухты, ұлтжанды ұлдары Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің туғанына 125 жыл толмақ. Өмірлері қысқа, тағдырлары ауыр болса да, артта қалған ұрпаққа ғибратты да мәнді туындылар мирас еткен «үш арыстың»  осы мерейтойы қарсаңында аймағымыздың түкпір-түкпірінде ауыз толтырып айтарлықтай іс-шараларды өткізе бастады.

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» үндеуі аясында 2 қазан күні университетімізде Сәкен сынды сұңқар ақынның баға жетпес мұрасын жас ұрпаққа ұлықтап, таныту мақсатында «Рухани жаңғыру және Сәкен Сейфуллин» атты ауқымды ғылыми-тәжірибелік семинар болып өтті.

Осынау тәрбиелік тұрғыдан мәнді де құнды шараға бекзат ақынның ұрпақтары – Тоқа руының тумалары: Тұяқ Исабек, Әліп Жайлыбаев, Марғұлан Халиев, Аманберлі Исабеков, Бейсенбай Сқақов, Сұлтан Алтынханов, Кеңес Бейсенбеков, Елтай Саргизов, Тұңғышбай Игенбеков, Жарылқасын Бикенов, Әбдіқалық Омаров, Айдос Ахметов және Сәкеннің өмірі мен шығармашылығын зерттеп, осы бағытта қалам тербеген Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың ғалымдары қатысты. Сондай-ақ жиынға Астанадан келген қонақтар мен ҚарМТУ-дың оқытушылары мен ғалымдары, Тау-кен факультетінің 1-2 курс студенттері де үлес қосты.

Семинарды ҚарМТУ-дың Кураторлар кеңесінің төрағасы Нұрбибі Смағұлова ашып, Сәкен Сейфуллиннің көркем туындыларын, оның тар жол, тайғақ кешуге толы өмір жолын бүгінгі жас ұрпақ білуі тиіс, біздің міндетіміз – алаш арыстарының еңбегі мен шығармашылығын оларға таныту, санасына сіңіру деп пікір білдірді.

Сәкен сияқты қазақтың айтулы тұлғасының мерейтойына арнап ұйымдастырылған осы шараға қатысып отырғанына қуанышын білдірген ҚарМУ-дың профессоры ф.ғ.д. Жандос Смағұлов  «Рухани жаңғыру және Сәкен Сейфуллин шығармашылығы» тақырыбындағы баяндамасын оқып, ақынның қазақ әдебиетін қалыптастырудағы рөліне тоқталды, оның Кеңес қазақ әдебиетінің негізін қалаған мұраларына, ағартушылық бағыттағы шығармашылығы, белсенді еңбек жылдары жайлы әңгімеледі. Ал ҚарМТУ-дың т.ғ.к. Қазақстан тарихы кафедрасының доценті  Сәуле Қасымова «Рухани жаңғыру тұрғысындағы қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы Сәкен Сейфуллин тұлғасы» атты баяндамасында ақынның саяси қайраткерлік қыры,  қазақ қоғамын құруға ат салысқан

кезеңдері жайлы айтып өтті.  Сондай-ақ ақынның музыкалық шығармашылығы, әншілік өнері жайлы Жаңаарқа ауданының қоғам қайраткері, ұстаз Әліп Жайлыбаев баяндап берді.

Семинар-сабақ барысында Тау-кен факультетінің студенттері Сырым Нағызбаев пен Бекарыс Жұмабек ақынның ел ішіне кең таралған «Тау ішінде», «Көкшетау» әндерін нақышына келтіре шырқап, НД-17-2 тобының студенті Майра Әбдрахманова Тәттімбеттің «Тоқа» и «Сылқым қыз» күйлерін асқан шеберлікпен орындап берді.

Жиынды НД-16-2 студенті Әлихан Шәріпбек жүргізді. Кездесуді ел астанасынан арнайы ат терлетіп келген дәстүрлі әнші, ақын, драматург, «Сәкен-сұңқар» драмасының авторы және Сәкен образын сомдаушы актер Қанат Жүнісов түйіндеді.

 

2017 жылдың ақпан айында ҚарМТУ базасында студенттердің Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары өтті. Конкурстың қорытындысы бойынша ПКОҚӨ кафедрасының студенттері «Тау-кен ісі» бағыты бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер болды.

1 орын алды Кәлібаева Әйгерім Қуанышқызы ГД-14-6 тобы, Оспанова Аякоз Мунсызгалиева ГД-16-1 тобы. Ғылыми жетекшісі к.т.н Бахтыбаев Н.Б.

3 орын алды Джусупов Нурбол Даулетханович ГД-13-3 тобы, Асанов Бегендік Юржанұлы ГД-16-3 тобы. Ғылыми жетекшісі PhD Имашев А.Ж.

 

Қазақстан және ТМД елдерінде өткен конференциялар мен олимпиадаларда жеңімпаз атанған студенттер

Без рубрики