«Ғалым- геолог Қ.И. Сәтпаевтың 120 жылдығына» арналған дөңгелек үстел


2019 жылдың 12 сәуірінде ПҚКОӨ кафедрасында «Жастар ғылымының «Қазақстан-2050 » Стратегиясын жүзеге асыруға қосқан үлесі» атты республикалық студенттік ғылыми конференция шеңберінде Қ.Сәтбаевтың 120 жылдығына арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелдің модераторы т.ғ.д., профессор  Исабек Тұяқ Копеевич.

Іс-шараға ҚарМТУ-дың  ғылым жөніндегі проректоры, техника ғылымдарының докторы Ожигин С.Г., ПКҚОӨ, ГМжГ, КАжЕҚ, ГжПҚОБ кафедраларының  профеесорлары мен оқытушылары,  сондай-ақ докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты.

 

Іс-шараны профессор, т.ғ.д. Арыстан Ибатолла Даирович ашты. Ол қатысушыларды геологтың өмірбаянымен және оның жетістіктерімен таныстырды.Қ.И. Сәтпаев Қазақстандағы көптеген пайдалы қазбалардың кен орнын тапты, ал соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстан Ғылым Академиясын құрды.

Іс-шара барысында профессор, т.ғ.к. Исабек Т.К., доцент, т.ғ.к. Усенбеков М.Ө. Қ.И. Сәтпаев туралы қызықты мәліметтермен бөлісті. Ғалымның құрметіне жаңа минерал «сатпаевит» аталды. Сонымен қатар, 12 сәуірде Қазақстанда кәсіби мерекелер — Ғылым қызметкерлері күні атап өтіледі. Бұл күн Республика Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы №164 Жарлығымен  бекітілді. Мереке күнін кездейсоқ таңдаған жоқ. Бұл күн академик Қ.И. Сәтпаевтың туған күнімен байланысты

 

Без рубрики