Тарихы

Дене шынықтыру кафедрасы 1953 жылы ашылды. Оқу пәні дене шынықтыру тәрбиесі ретінде барлық мамандарға міндетті оқытылады, ол дене  шынықтыру дайындығын және салауатты өмір сүру салтын өз қалауынша қамтамасыз етеді, жеке адамның жан-жақты дамуына және денсаулықты нығайтуға әсер ететін факторлардың бірі болып табылады.

Кафедраның алғашқы меңгерушісі міндетін 1953–1961 жылдары аға оқытушы Анатолий Борисович Акимов атқарған. Институт құрылған жылы дене тәрбиесі бойынша кез келген сабақты өткізуді қамтамасыз етуде жер асты қолданылды.  2 жыл өткеннен кейін студенттер мен мұғалімдер күшімен спорт зал салынған. Бұл Қарағандыдағы академиялық және секциялық сабақтармен қатар спорттың 8 түрінен жарыстар өткізілетін екінші зал болды. 1961–1966 жылдары кафедраны Юрий Александрович Ни басқарады. Бұл уақытта   спорт жаппай даму жолына түседі. Институттың хоккей, футбол командалары  Қазақстан жеңімпаздары атанады, спорттың басқа түрлері де дами бастайды.

Әр жылдары  кафедраны А.П. Дюсенова (1966–1969), Г.В.Захарченко (1969–1971), З.Е. Есмағанбетов (1971–1978), В.А.Зубов (1978–1987) басқарады.

Осы жылдары кафедраның дамуына айтарлықтай үлестерін қосқан оқытушылар мен жаттықтырушылыр: А.Ч.Ким, Г.П.Лихарева, Б.М.Безгачев, И.А.Кнапп, А.Е. Пак, В.И. Малышева және т.б.

1987 жылдан бастап аға оқытушы Владимир Алексеевич Сенькин кафедра меңгерушісі қызметін атқарады.

Кафедра құрамы уақыт өткен сайын өзгеріп отырды. 1978–1980 жылдары кафедрада оқытушылардың саны 36-ға жетеді. Кафедраға Қазақ, Қырғыз, Әзербайжан дене тәрбиесі институттары, Пензен, Петропавл, Қарағанды педагогикалық институттарының түлектері, спорт шеберлері: П.А. Басаев – еркін күрес, Г.Ф.Якуб, Н.А. Тимершина – акробатика, М.И. Черемисина – жеңіл атлетикадан келген.

Қазіргі уақытта кафедрада 19 оқытушы, 13 аға оқытушы бар, оның 8-і жаттықтыру сабақтарын өткізеді. Университеттегі құрама командаларды: аға оқытушы Н.Г. Гришин – гандбол, оқытушы – А.Ж. Елемесов– қазақша күрес, оқытушы С.Б. Кужахметов– пауэрлифтинг, оқытушы Е.А. Окасов– футбол, аға оқытушы Т.Н. Перепелицына– волейбол (ерлер), аға оқытушы А.С. Саденов– волейбол (әйелдер), аға оқытушы А.С. Сейсенова– баскетбол (әйелдер), оқытушы О.Ю. Черясова– жеңіл атлетика, жаттықтырады.

Алғаш рет Қазақстан бойынша кафедрада тәжірибелік сабақтарға 350-дей адамды қатыстыра алатын емдік дене тәрбиесі сабағы енгізілді. Кафедрада соңғы 3 жылда академиялық сабақтарда қолданылатын спорттың түрлері бойынша  3 оқу жинағы, сонымен қатар 20 әдістемелік нұсқаулықтар дайындалып басылымға шығады. Оқу үрдісіне каланетика, пилатес, фитбол сияқты  инновациялық технологиялар мен жаңа бағыттар енгізілген. Сонымен қатар кафедрада жоғарғы мектеп мәселелері бойынша ғылыми жұмыс жүргізіледі. Кафедра оқытушылары халықаралық және республикалық конференцияларға арнап бірқатар мақалалар мен жинақтар шығарған.

Кафедраның аға оқытушысы М.Н. Комиссаренко облыстың СҚО штабы командирінің орынбасары болып табылады.

2005 ж. бастап «Политехник» спорттық шынығу лагерінің бастығы аға оқытушы Р.М.Саденов, кафедра оқытушылары А.Ж. Елемесов мен Е.А. Окасов бірігіп жаз уақытында лагерді ұйымдастыру жұмыстарымен айналысады.

Без рубрики