Тарихы

Жол-көлік институты

Өткен ғасырдың 50-жылдарының соңында,  60-жылдардың басында Орталық Қазақстанда  қарқынды түрде Қарағанды көмір бассейні, машина жасау, металлургия, тұрғын үй, автокөлік жолдары сияқты  өнеркәсіптік объектілерінде кең масштапта құрылыс жұмыстары жүргізілді.  Бұл аймақтың және көлік жүйесінің инфрақұрылысын жақсартуды талап етті.

Аталған жағдайларға байланысты 1965 жылы авто-көлік инженер-механик және көлік жолдары құрылысы мамандықтары базасында 70-жылдардың басында жол-көлік  болып өзгертілген автомеханикалық факультет ұйымдастырылды.

Алғашқы декан болып  бұл қызметке дейін «Қарағанды көмір» авто басқару бірлестігінің бастығы болған, тәжірибелі өндіруші В.Я. Ли тағайындалды. В.Я. Ли техника ғылымдарының кандидаты (1972), факультет деканы (1965-1976). Бұл кезеңде факультеттің оқу процесін кадрлармен қамтамсыз етуде, ұйымдастырушылық  және материалдық-техникалық базасының  тұрақтануына байланысты қыруар жұмыстар жүргізілді. В.Я. Ли  (1965-1976) автомобиль көлігі кафедрасының меңгерушісі қызметімен бірге,  кафедраның доценті болды.

Ұзақ жылдар бойы 1976-1983жж. және 1987-1997жж. факультеттің деканы болып, Мәскеу көлік инженерлері институтының (МИИТ) түлегі,  доцент, техника ғылымдарының кандидаты Ж.А. Алиев болды.  Факультетте зертханалардың материалдық-техникалық базалары кеңейтілді, оқу процесінде компьютерлік техника белсенді қолданылды, оқу-әдістемелік  қамтамасыз ету жұмыстары жақсартылды, шығармашылық атмосфера орнатылды. 1971 жылы кандидаттық диссертация қорғады.  2001 жылы  Ж.А. Алиев профессор атанды. 1991 жылдан бастап автомобиль көлігі кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады.

1983 жылдан 1987 жыл аралығында факультетке ҚарПТИ түлегі, доцент, техника ғылымдарының кандидаты Т.С. Ынтыков басшылық етті. Өндірістерде кафедраның филиалдары ашылды, жүргізілетін практиканың базасы кеңейтілді, оқытушылардың құрамы жоғары білікті кадрлармен нығайтылды. Жатақхана салу мәселелеріне көп көңіл және күш жұмсалды және  жатақханадағы студенттермен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру шаралары жүргізілді.  Бұл жылдары №1 жатақхана қаладан тыс жерде тұратын ЖКИ студенттері үшін, біздің аймақтағы  ең алғашқы студенттік өзін-өзі басқару болды. Т.С. Ынтыков ҚарПТИ-ды аяқтаған соң, Мәскеу автомобиль жол институтына (МАДИ) жолдама алды, автомобилист – түлектердің ортасында кандидаттық диссертация қорғағандардың  алғашқысы. 1978 жылы Т.С. Ынтыков Қарағанды қаласының Құрмет Тақтасына, ал 1989 жылы Қарағанды облысының Құрмет Тақтасына енгізілген. 1987 жылдан 1991 жыл аралығында автомобиль көлігі кафедрасын басқарды. 1991 жылдан 2000 жыл аралығында өндіріс саласында қызмет етті. ІІМ және ҰҚК-інде қызмет істеп, подполковник шенінде демалысқа шықты. Қазіргі кезде автомобиль көлігі кафедрасында доцент болып жұмыс істейді.

1997 жылдан бастап факультеттің деканы техника ғылымдарының кандидаты М.К. Ибатов болды. Факультетте мамандарды даярлаудың сапасын әрі қарай жоғарылатуға, өндіріспен байланысты нығайтуға, рейтингтік жүйенің негізіне алдыңғы қатарлы технологияларды енгізуге, жаңа мамандықтар мен арнайы курстарды ашуға,  мамандықтар бойынша білім берудің мемлекеттік стандарттарын әзірлеуге негізінен көңіл бөлінді. Университетте 1998 жылдан бастап жыл сайын өткізілетін конкурс бойынша  «Үздік факультет» атағын әрдайым жол-көлік факультеті ғылыми, оқу, әдістемелік және тәрбие жұмыстары бойынша ҚарМТУ факультеттері ішінен жоғары орынды алып отырды. М.К. Ибатов 1978 жылы ҚарПТИ-ға түсіп, оқу үздігі ретінде  Мәскеу автомобиль жол институтына (МАДИ) арнайы жолдама алып, 1983 жылы үздік бітіріп шығады. Ол сонда ғылыми тағылымнамадан өтеді және аспирантураға түседі. Техника ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін диссертация қорғайды.

 

1995 жылдан  бастап 1997 жылға дейін институт  кәсіподақ  ұйымының төрағасы болып жұмыс істеді. 2007 жылдан  2008 жылдың наурызына дейін оқу ісі жөніндегі проректор  қызметін атқарды.

2007 жылдан бастап 2008 жылға дейін факультет деканы доцент, т.ғ.к. Балғабеков Төлеу Күнжолұлы болды. Осы жылдары мамандарды  дайындау жөнінде оқу-әдістемелік және тәрбиелік үдеріс жаңа деңгейге шықты..

2008 жылдан  2010 жылға дейін факультеттің деканы профессор, т.ғ.к. Бестембек Ербол Серикұлы болды.

2010 жылы факультет Жол-көлік институты болып өзгертілді.. 2010 жылдан бастап 2011 жылдың тамыз айына дейін институт директоры профессор, т.ғ.к. Ынтықов Т.С. болды.

2011 жылдан бастап 2012 жылдың тамыз айына дейін институт директоры  профессор, т.ғ.к. Балғабеков Төлеу Күнжолұлы болды.

2012 жылдың 1-ші тамызынан бастап институт директоры профессор, т.ғ.д. Тоғызбаева Бағлан Болсынқызы болды.

2013 жылдың 20-шы наурызынан бастап қазіргі уақытқа дейін институт директоры профессор, т.ғ.к. Ынтықов Тоқмырза Смагұлұлы.

Директор орынбасарлары: Автомобиль көлік кафедрасының аға оқытушысы Пак Игорь Анатольевич және Өндірістік көлік кафедрасының аға оқытушысы Қосбармақов Самат Жаксыбайұлы болып табылады.

Институтта әр жылдары жұмыс атқарған, әлі жұмыс атқарып жүрген көрнекті ғалымдар, ғылым докторлары, профессорлар  А.Н. Данияров, И.А.Янцен, А.Ж.Жумасултанов, Ш.К.Кашик, А.М.Азиев, Д.М.Беленький, Е.И.Глузберг, Х.Ж.Халманов, З.Т.Акашев, С.К.Малыбаев, Т.Н.Бекенов, Ж.М.Куанышбаев, Б.Б.Харченко, М.К.Ибатов, А.С.Кадыров, В.В.Грузин; техникалық ғылымының кандидаттары, профессорлар Т.С.Интыков, Н.А.Аубекеров, Ж.А.Алиев, З.А.Мулдагалиев, С.С.Сагинтаев, Н.А. Адильбек, Г.Г.Бернардов, физика-математика  ғылымының кандидаты, профессор  З.Гриншпун, т.б.,  осы ғалымдардың еңбектерінің арқасында жұмысқа икемді кафедралардың ұжымдары құрылды, ғылыми жұмыстарының нәтижелері  Мәскеу, Санкт-Петербург, Киев, Днепропетровск, Новосибирск, Алматы, Екатеринбург, Омск, т.б. оқу-ғылыми орталықтарында жоғары бағаланды.

Әр жылдары жол-көлік факультетінің декан орынбасарлары болды: Р.М.Поповиченко, В.Чертыковцев, П.В.Ермоленко, С.С.Сагинтаев, М.А.Беляев, Ж.М.Куанышбаев, К.И.Секербаев, И.И.Царь, И.А.Пак, Т.У.Сарсембаев, Ш.А.Жетписбай, В.В.Шалаев, С.Ш.Кажикенова, Б.Р.Жандыбаев, Г.К.Икибаев, Н.А.Конирова, Б.Б.Бектурова, Б.А.Кельдиярова, Д.Т.Оспанов, А.М.Садыкова және Л.К.Жилкибаева.

Институт студенттері ғылыми жұмыстарға, жоғары деңгейлік жарыстарға, КТК және ұлттық жастар музыкалық фестивальдерге қатысады.

Жол-көлік институты барлық басқарма бөлімдерде, қоғамдық және коммерциялық қызметтерде, автомобильдік, темір жол және өнеркәсіптік көлік ең ірі кәсіпорындар мен жол-құрылымдық ұйымдарда табысты еңбек етіп жүрген  6500- ден  аса жоғары білімді мамандарды дайындады. Үздік түлектің санында Н.З.Нигматулин – ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы, А.К.Кусаинов – ҚР Кәсіподақ Федерациясының төрағасы,  Б.Абдишев – Қарағанды облысының әкімі, Е.Х.Султанов – НК «КазАвтоЖол» басқармасының төрағасы  т.б.

Без рубрики