Кафедра тарихы

Кафедраның құрылуы мен дамуы үшін үлкен үлес қосқан меңгерушілер доцент Соколов Н.Е. (1954-59 ж.ж); профессор Самсонов М.Т. (1959-70 ж.ж); профессор ЕрмековМ.А. (1990); Билялов Б.Д. (1991-97ж.ж). Кафедра 1965-75 жылдар аралығында тау-кен инженер геологиясының – сыртта оқыту формасына дайындықтарды іске асырады.

1994 жылдан тау-кен инженер-геологтарын «Геологиялық түсірілім, іздеу және пайдалы қазбалардың кен орнын барлау» мамандығы бойынша күндізгі бөлімде оқытуда дайындықтар жүргізілді. 1954 жылы геология кафедрасында 4 оқытушы, 1 доцент, 1965 жылы – 9 оқытушы, соның алтауы – доцент болған. Оқушылардың контингентіне байланысты профессорлық – оқытушылардың сандық құрамы өзгерді.

Кафедра құрылған жылдары оқытушылар дәрістерін тек қана «Пайдалы қазбалардың кен орнын өңдеу» мамандығындағы студенттерге «Жалпы геология», «Пайдалы қазбалардың кен орнының геологиясы және оларды барлау» және «Тарихи геология» пәндері бойынша жүргізді. Ал қазіргі кезде геологиялық пәндері тау-кен мамандығы студенттеріне беріледі, ал геофизиктер мен геологтарға толық бағдарламамен өткіздіріледі.

Қарағанды бассейінінің газдық және көмірлік жатысын зерттеу әдісі бойынша ғылыми бағыттарының негізін салушы Қ.Р.НАН мүшесі – минералогиялық және геологиялық докторы, профессоры Ермеков М.А., ғылыми жетекшілігінде 9 ғылым кандидатын дайындаған, соның ішінде Билялов Б.Д, Хидурелий Р.С, Байбатчаев А.Б бар.
Билялов Б.Д. Ермековпен бірігіп ғылыми жетекшілікті атқарды, Байбатчаевті асперантуралыққа және Кряжеваны минералогилық және геологиялық ғылым кандидатона дайындады, сонымен қатар 5 магистранттарды «Қолданбалы геология және барлау» және «Техника және технология», «Геология пайдалы қазбалардың кен орнын барлау» мамандығы бойынша дайындады. Ғылыми зерттеу жұмыстары Биляловтың жетекшілігімен, оқытушылармен және кафедра қызметкерлерімен Қазақстан тау-кен өндірісіндегі объектілеріне жүргізілді, соның ішінде Қарағанды және Майкөбе көмір бассейіндері, Дон мен Лисаков ГОК және Қамыш-Бурунский ЖРК (Украина) т.б.

Қазақстанның әртүрлі кен орындарының (Жалын, Қаражыра) генетикалық факторларынан туындайтын көмірлердің технологиялық құрамына байланысын орнату мәселесін профессор Думлер Л.Ф. айналысты, зерттеу нәтижелері геолого-экономикалық бағалауда кен орынның өндірісін игеруді шығаруды қолданады. Қарағанды бассейіннің шахталық алқаптарының тектоникалық бұзылуын болжау әдістерін өңдеуде беткі қабаттарының беріктілігіне , Орталық Қазақстанның кен орындарында инженерлік геологиялық шарттарды  қалыпты заңдастыруды қолданумен Байбатчаев (1975-88ж.ж) айналысты, нәтижесін 32 ғылыми мақалада жарияланды.

Соколов-Сарыбай ауданындағы кен орынның геологиялық құрылымы менкеннің заттық құрамын зерттеумен айналысқан доцент Москаленко А.И.

Табиғи ғылымға жататын геологиялық пәндер геологтар мен геофизиктерге ғана оқытылмайды, сонымен қатар тау-кен, экономика, құрылыс және т.б. мамандықтарындағы студенттерге жүргізіледі. Оқыту мақсатында геологиялық кафедраның мұражайында  минерал жинақтары және тау жыныстарының 5 мыңға жуық үлгісі берілген. Геофизика мен геология мұражайы Қарағанды пололитехникалық университетімен жасты. Қарағанды пололитехникалық университеті құрылғаннан бастап, геология мен геофизика кафедрасында көп мөлшерде тек Қазақстанның кен орнынан ғана емес, сонымен бірге бұрынғы Кеңес одағының кен орындарынан минералдар мен тау жыныстар жинала бастаған. Геологиялық мұражай жинағында мұнай, сирек түсті металдар, Ресейдің рудалық емес шикізаты. Азербайджан, Армения, Туркия, Украина және т.б. кен орындарының үлгілері бар. Мұражайдың жинақтық фонында барлық минерал класының түрлерінің үлгісі ретінде, сонымен қатар жер қабаты мен жер қойнауында пайда болған көптеген ұсынушы тау жыныстарының ерекше үлгілері КСРО ғылымының институт академиясының геологиялық мұражайынан (Мәскеу), Оралды минералогиялық қорығынан (Миасс қаласы, Челябинск облысы) алынған.

Жинақтық қорды толтырылуына, ұйымдастырылуына, құрылуына кафедра профессоры Билялов Б.Д. көп үлесін қосқан.

Қазіргі кезде мұражайдың жинақтық қорына кен орындарда жұмыс жасайтын кафедра түлектері мен өндірістік практиканы өткен студенттер  толтыруда.

Кафедра меңгерушілері
М.А. Ермеков
д. г.-м. н., профессор
(1970-1989 гг.)
Б.Д. Билялов
к. г.-м. н., доцент (1991-1997 гг.)

2010 жылы кафедраға 48 жыл толды. Бұл ғылымның дамуы мен студенттерді оқытуда нәтиже шығаруға жеткілікті мерзім. Студенттерді оқыту негізіне физика-математика, ақпараттық есептін және мамандық негіздерін дайындауды іске асырды.

Кафедраның құрылуы мен дамуына үлкен үлес қосқан меңгерушілер – Ермеков М.А.(1970-1989),т Билялов Б.Д.(1991-1997).

Қазіргі уақытта кафедра басқару лауазымын (2011 жылдан бастап) геолого-минералогия ғылымының докторы, профессоры Билялов Б.Д. басқарады.

2011 жылы «Геофизика» мен «Геология» кафедрасы бөлініп, «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» атына өзгертілді.

Без рубрики