Кафедра тарихы

Ақпараттық және телекоммуникационды технологиялардың аса дамуы соңғы екі онжылдықта әлемдік экономикада ерекше ашық көрсетілген тенденциялар болып табылады. Осымен байланысты экономиканың барлық салаларында өзінің білімі мен іскерлігімен өндірістік тиімділікті жоғарылатуға  қабілетті  жоғары білімді, техникалық сауатты мамандар – электр байланысының инженері, жүйе техниктерін аса қажет етеді.

1997 жылдан бастап «Автоматика, телемеханика және байланыс» (салалар бойынша), «Есептеу техникасы мен желісін бағдарламалық қамтамасыз ету», «Автоматтық электр байланысы» сияқты өзекті және осы заманғы мамандықтарда жоғары білімнің күндізгі оқу және сырттай оқу бөлімінде мамандарды дайындау ҚарМТУ-тің құрамында болған Қарағанды техника жүйесі және бизнес институты (ТЖБИ) айналысы бастады.

1998 жылы ТЖБИ институты ҚарМТУ-тің оқу-әдістемелік кешенінің құрамына енді. Институттың бірінші жетекшісі проф., т.ғ.д., Халықаралық ақпараттандыру академиясының (ХАА) академигі М.Р. Нургужин. 2000 жылдың қыркүйегінен бастап Қарағанды техника жүйесі және бизнес институтын доц., т.ғ.к., ХАА корр.- мүшесі Н.А. Даниярови басқарды.

2002 жылдың тамызында Қазақстан Республикасы Үкіметінің Жарлығымен  білім әрекеттілігін лицензиялаудың жаңа ережелері қабылданды. Осымен байланысты Ғылыми кеңесте ТЖБИ-тын ҚарМТУ құрамына енгізу және байланыс және телекоммуникация факультетін құру туралы шешім қабылданды.

2004 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жаңа іс жүргізуші және ұйымдастырушы құрылымның оптимизациясымен сәйкес мамандықтар тізімін өзгертумен байланысты байланыс және телекоммуникация факультеті таратылды, ал «Технология және байланыс жүйелері» кафедрасы электромеханика факультетінің құрамына енгізілді. Кафедра меңгерушісі етіп доц., т.ғ.к. Н.А. Данияров тағайындалды.

2006 жылдың қыркүйегінен 2008 жылдың желтоқсанына дейін  т.ғ.к. Н.А. Данияровтың докторантурада оқуымен байланысты кафедра меңгерушісінің міндеті Г.А.Бойко аға оқытушыға жүктелді.

2009 жылдың қаңтарынан тамызына дейін кафедра меңгерушісі болып доцент, т.ғ.к. Оразгалиев Г.Ш. тағайындалады.

2009 жылдың қыркүйегінен 2010 жылдың қыркүйегіне дейін кафедра меңгерушісінің міндеті т.ғ.к. А.А.Айкееваға тапсырылды.

2010 жылдың  кафедра меңгерушісі т.ғ.к., доцент Мехтиев А.Д. болып табылады.

2016 жылдың қазанынан 2017 жылға дейін кафедра меңгерушісі PhD докторы  Югай В.В. болды.

2017 жылдан қазіргі кезге дейін кафедра меңгерушісі т.ғ.к., доцент Мехтиев А.Д. болып табылады.

Без рубрики