Кафедра меңгерушісінің түйіндемесі

ЖолмагамбетовЖолмағамбетов Нұрбек Рыспекұлы, 1974 жылы Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Уызбай ауылында туған.
1990 жылы Уызбай ауылындағы №8 орта мектепті бітірді. Екі жоғары оқу орнын бітірген, білімі жоғары. Қарағанды политехникалық институтының (Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті) «Жүк көтеру, транспорт құрылыс, жол машиналары және жабдықтар» мамандығын (1990-1995 жылдар), және Д.А. Қонаев атындағы университеттің «Заңтану» мамандығын бітірген (2001-2003 жылдар).
2000 жылдан 2007 жылдар аралығында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Кеніштік аэрология және еңбекті қорғау» кафедрасында оқу зертханасының меңгерушісі, инженер, ассистент, оқытушы және аға оқытушысы қызметтерін атқарды.
2007 жылы кандидаттық диссертациясын сәтті қорғауына байланысты, техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.
2008 жылдан қазіргі уақытқа дейін Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Кеніштік аэрология және еңбекті қорғау» кафедрасының доценті қызметін атқаруда.
30 астам ғылыми мақалалар мен тезистер, 1 оқу құралы, 2 патент, 13 электрондық оқулық және де 15 методикалық нұсқаулар авторы

СПИСОК ТРУДОВ Жолмагамбетова Н.Р

 

Без рубрики