Эразмус Мундус

Негізгі

 

Эразмус Мундус –Еуропалық жоғары білім сапасын көтеруге және үшінші елдермен өзара қарым-қатынас арқылы адамдар мен мәдениеттер арасындағы диалог пен түсіністікті нығайтуға бағытталған жоғары білім саласындағы тәжірибе алмасу және ықпалдасу жөніндегі бағдарлама.Сонымен қатар,бағдарлама үшінші елдердегі жоғары оқу мекемелері арасындағы ықпалдастықтың әлеуетін және адами ресурстарды дамытуға септігін тигізеді.

Еуропалық Одақтың аз ғана бағдарламалары дәл осындай жалпы еуропалық ауқымды иеленеді.Эразмус Мундус бағдарламаларында Еуропалық университеттің жалпы шамамен 90%-зы қатысады. 1987 жылы бағдарлама ашылған кезден бастап,оған 1,9млн.шамасында студенттер қатысты. 31 елдің 3100 жоғары оқу орны бағдарламаның қатысушылары болып табылады,келешекте бұдан да көп ЖОО оған қосылуға ынталы.

2009 жылдан 2013 дейінгі кезең аралығында Еуроодақ одан тыс аймақта орналасқан елдердің алағұрлым дарынды студенттері мен оқутышыларын, оларға Еуропадағы бірлескен бағдарламаға қатысу үшін гранттар бере отырып,белсенді түрде қолдауды жоспарлады.Бағдарламаның ауқымы докторантура деңгейіне дейін кеңейтілетін болады,сонымен бірге Еуропалық студенттерге берілетін қаржылық көмектің көлемін үлкейту жоспарланды.

Эразус Мундус бағдарламасы үшін жоспарланған бюджет,алдын ала болжам бойынша 2009-2013 аралығындағы кезеңге 950 млн.евроны құрамақ.

Без рубрики