Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті Сырттай қашықтықтан оқыту факультетінің деканы

ГЛОТОВ БОРИС НИКОЛАЕВИЧ

Glotov FZDO

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті Сырттай қашықтықтан оқыту факультетінің деканы, техника ғылымдарының докторы, профессор.

Негізгі мәліметтер

Мекенжайы: Қарағанды қ., Бейбітшілік бульвары, 56,

4 оқу ғимараты, кабинет 305

Қызметтік телефоны: 8(7212) 56-42-33

E-mail: glotovbn_kargtu@mail.ru

Жеке мәселелер бойынша қабылдау уақыты:

Күн сайын 16:00-дан 18:00-ге дейін

Биографиялық мәліметтер

22 қазан 1951 жылы Қарағанды қаласында қызметкерлер отбасында дүниеге келген.

Қазақстан Республикасының азаматы.

1974 жылы «Инженер-механик» біліктілігін беретін «Құрылыс және жол машиналары мен құрылғылар» мамандығы бойынша Еңбек Қызыл Ту ордені атындағы Қарағанды политехникалық институтын тәмамдаған.

1974 жылдың тамыз айынан бастап 1975 жылдың наурыз айына дейін – «Карагандасельстрой № 10» тресінің ПТКБ базасының бас механигі.

1975 наурыз айынан бастап – ҒЗС бас инженері, 1976 жылдың ақпанынан бастап – ҚарПТИ ҒЗБ аға ғылыми қызметкері. 1983 жылдың желтоқсанынан бастап – ҚарПТИ-дың «Құрылыс және жол машиналары» кафедрасының ассистенті, 1985 ақпанынан бастап – аға оқытушы, 1986 жылдың желтоқсанынан бастап осы күнге дейін  – аталмыш кафедра доценті.

2001 жылдың маусымынан 2008 жылдың қыркүйегіне дейін – ҚарМТУ маңызды білім беру факультетінің деканы. 2008 жылдың қыркүйегінен бастап – сырттай-қашықтан оқыту факультетінің деканы. 2010 жылдың қыркүйегінен бастап – Сырттай-қашықтан оқыту институтының директоры.

1986 жылдың ақпан айында «Исследование и создание ручных машин с динамически уравновешенным гидропневмоударным механизмом» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. Доцент ғылыми атағы КСРО-ның халыққа білім беру бойынша Мемлекеттік комитетінің 1990 жылдың сәуір айындағы шешімімен берілген.

2010 жылдың сәуір айында «Научные основы создания гидравлических ручных машин ударного действия» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.

Ғылыми қызметі аясы – соққы беретін қол машиналарында пайдаланылатын гидравликалық импульстік жүйелерді жасау және зерттеу.

Білім беру саласындағы жетістіктері, оған қосқан үлесі үшін Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасы (2003 ж.), Қарағанды қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен (2008 ж.) марапатталған. Қазақстан Республикасы білім беру саласының Құрметті қызметкері.

Ғылыми-әдістемелік еңбектерінің тізімі

Без рубрики