Түлектер клубы

ҚарМТУ Тау-кен факультетінің құрметті түлектері!

 

Осы жылы мерейтойлы іс-шаралар, акциялар, конференциялар жоспарланған.

Кенші-политехшілерді кәсіби қарым-қатынас үшін және жалпы қызығушылықтары негізінде бас қосу үшін Тау-кен факультетінің әрбір кафедрасында түлектер Клубы құрылды.

Түлектер Клубын құру туралы Бұйрық

Түлектер Клубы бойынша есеп

Құрметті түлектер! Төменде кафедралар бойынша үнемі байланыста болатын түлектердің тізімі берілген. Бұл мәліметтердің арасында қателіктер болуы мүмкін, сол себепті мұқият қарауларыңызды сұраймыз. Сіздердің ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызға қуанышты боламыз.

Мәліметтерді түзету, іс-шаралар туралы ақпарат алу үшін Тау-кен факультетінің деканатына немесе кафедраларға хабарласуларыңызға болады.

Келген жыл маңызы аса зор оқиғамен байланысты – 2015 жылы көрнекті ғалым, жоғары мектептің негізін қалаушы, Социалистік Еңбек Ері, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының екі мәрте лауреаты, ҚР ҰҒА академигі Сағынов Әбілқас Сағынұлының туылғанына 100 жыл толады.

Сағынов А.С. 1955 — 1987 жылдар аралығында 33 жыл бойы ҚарМТУ-дың (ҚарПТИ) қалыптасуы мен дамуына баға жетпес үлес қосты. Сағынов А.С. басшылық еткен аралықта сол кезеңге сай заманауи құрал-жабдықпен жабдықталған оқу және ғылыми зертханалар құрылды. Дегенмен, Қазақстаннның индустриалды-инновациялық даму және жаңа технологиялық тәртіпке көшу жағдайында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау үшін Университеттің материалдық-техникалық базаны өздігінен дамытуға және әлемдік деңгейдегі құрал-жабдықты алуға мүмкіндігі жоқ.

2013-2014 ж.ж. Университет 85 млн. теңге соммаға оқу және ғылыми мақсатта пайдаланылатын құрал-жабдық алынды; зертханалық базаны әрі қарай дамыту үшін 217,5 млн. тенге көлемді қамтитын сұраным даярланды, бұл қажеттілікті өтеу үшін демеушілердің көмегі қажет.

Осыған байланысты политехтың түлектеріне альма-матердің әрі қарай дамуына өз үлестеріңізді қосуға, мерейтойлы жылы өтетін іс-шараларға қатысуға шақырамыз!!!

ҚарМТУ бас корпусында Университетке демеушілік көмек көрсеткен кәсіпорындар, фирмалар, компаниялар, ұйымдар басшыларының және жеке тұлғалардың есімі жазылған гранитті мемориалды қабырға орнатылады!

«Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасы

«Пайдалы қазбалар кен орындарын өңдеу» кафедрасы

«Геология және геофизика» кафедрасы

«Өндірістік экология және химия» кафедрасы

«Кен аэрологиясы және еңбекті қорғау» кафедрасы