29 мамырда музейде қазақ әдебиетінің дамуына баға жетпес үлес қосқан белгілі ақын, жазушы Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған көрме көрме ашылды


 

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аясында, 2019 жылдың  30 мамырында ҚарМТУдың ҚХА және ӘГП кафедрасының оқытушылары Қарағанды қаласының тарихи — өлкетану мұражайына барды.

29 мамырда музейде қазақ әдебиетінің дамуына баға жетпес үлес қосқан белгілі ақын, жазушы Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған көрме көрме ашылды. Көрмеде заманауи қазақ әдебиетінің негізін қалаушы  С Сейфуллиннің фотосуреттері, мұрағаттық құжаттары, жеке заттары және С. Сейфуллин атындағы Жанаарқа тарихи-өлкетану мұражайының көлемді экспонаттары қойылған.

Көрменің ашылуы — Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры»атты мақаласының аясында жасалған үлкен жұмыстың нәтижесі.

Мұражайға барудың мақсаты патриоттық сезімді, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыруға ықпал ету. Қуғын-сүргіннен қаза тапқан адамдарға жанашырлық, ізгілікті қарым-қатынас сезімін тәрбиелеу.

 

Без рубрики