«ЖЕРДІҢ ТЕРЕҢІНЕН – ОЙДЫҢ ТЕРЕҢІНЕ»: ЕҢБЕК, ТІЛ ЖӘНЕ БОЛАШАҚ ТУРАЛЫ АШЫҚ ӘҢГІМЕ


Өндірістегі тәжірибе, мамандыққа адалдық, кәсіби ортадағы мемлекеттік тіл және жаңа технологиялар – «Жердің тереңінен – ойдың тереңіне» атты интеллектуалды-диалогтық кездесудің негізгі арқауына айналды. 

Кездесу студент жастарды еңбек адамының өміріне сырттай үңілуге емес, оның күнделікті жауапкершілігі мен кәсіби таңдауын тереңірек түсінуге жетелейді. Құлжа Әлихан Қайырханұлы тіл, білім, мамандық пен болашақтың өзара байланысына тоқталып, осы ұғымдарды бір арнаға тоғыстырды.  

«Нұрқазған» кенішінің кеншісі Кожахметов Ерлан Жулдузулы жер астындағы еңбектің өзіне тән жауапкершілігі, қауіпсіздік пен тәжірибенің маңызы туралы әңгімеледі. Ал Абзалбек Нұрғазы Айғалиұлы заманауи өндірістегі цифрландыру, тиімділік және жаңа мамандықтар туралы ой бөлісті.   

Кездесудің маңызды бөлігі – студенттер мен спикерлер арасындағы еркін диалог. Жастар мамандық таңдау, еңбек жолындағы қиындықтар, қателіктер мен мүмкіндіктер туралы сауалдарын қойып, өндірістің бүгінгі тынысын сол саланың мамандарынан естуге мүмкіндік алды.   

«Тіл – кім екеніңді танытады. Еңбек – кім болатыныңды қалыптастырады. Болашақ – осы екеуін қалай ұштастырғаныңа байланысты» деген идеяға құрылған кездесу жастарды білімге, еңбекке және өз болашағына жауапкершілікпен қарауға үндейді. 

  

Без рубрики