ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


2026 жылғы 19 қарашада Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде жас ғалымдарға арналған «SAGINOV’S JAS ZERTTEÝSHILERI» ғылыми жобалар грантына конкурс өтті.

Конкурс конкурстық комиссияның төрағасы — Басқарма мүшесі – ғылым және инновациялар жөніндегі проректор А. Д. Мехтиевтің және комиссия төрағасының орынбасары — техника ғылымдарының докторы, профессор А. З. Исагуловтың басшылығымен өткізілді. Комиссия құрамына сондай-ақ Н. А. Алпысбаева, Б. Хусан, Б. Д. Сулеев, О. М. Жаркевич және Р. К. Азилханов кірді.

Конкурстың мақсаты — университеттің жас ғалымдарының ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру және ғылыми әлеуетін дамыту.

Конкурстық комиссия 9 ғылыми жобаның таныстырылымын тыңдады. Ұсынылған материалдарды бағалау Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің жас ғалымдарға арналған «SAGINOV’S JAS ZERTTEÝSHILERI» ғылыми жобалар грантына конкурс өткізу туралы ережесінің 7.1-тармағына сәйкес жүргізілді.

Ұсынылған құжаттарды талдау және үміткерлерді тыңдау нәтижелері негізінде конкурстық комиссия жеңімпаздарды анықтады.

Конкурс жеңімпаздары:

  • Мухитова Аделия Ержановна — PhD, ТЖМжС кафедрасының оқытушысы, ММФ;

  • Туктыбаева Арайлым Ермековна — ХжХТ кафедрасының аға оқытушысы, АТФ;

  • Кайырбек Меруерт Сабитқызы — ӘГП кафедрасының оқытушысы, СҚФ;

  • Кенжебекова Айгерім Ерболқызы — ҚТжМ кафедрасының оқытушысы, КЛИЭФ;

  • Бейбитова Арайлым Бейбітқызы — ОТжМ кафедрасының оқытушысы, СҚФ.

Жеңімпаздарды ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға арналған грант иеленулерімен құттықтаймыз! Жобаларыңыздың сәтті жүзеге асырылуына, маңызды ғылыми нәтижелер мен жаңа жетістіктерге қол жеткізулеріңізге тілектеспіз!

 

Без рубрики