«Жастардың құқықтық мәдениетінің негіздері» шеберлік сыныбы


18.11.2022 жылы сағат 15:00 ПКОҚӨ кафедрасында Кешенді бағдарлама аясында НД-22-2 және НД-20-3 топтарында (кураторлар Жұмабеков М.Н. және Жұмабекова А.Е. ) «Қазіргі жастардың құқықтық мәдениеті» тақырыбында кураторлық сағаттың мастер-классы өтті.

Шеберлік сыныбы   барысында студент Сатенова А. «Жастардың құқықтық мәдениетінің негіздері» тақырыбында викторина дайындады.

Тақырып аясындағы пікірсайысқа студенттер Савриев М., Шумбасов Ю., Гержик В., Төкен А. қатысты. Қонақ ретінде екінші тергеу басқармасының бастығы Әбілқас А.Ж., сондай-ақ Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің аса маңызды істер бойынша анықтаушысы Құсманова З.М. шақырылды. Қонақтар қаржылық сауаттылық тақырыбында сөз сөйлеп, қаржылық қылмыстардың алдын алу жолдарын айтып, студенттерге тілектерін білдірді.

Без рубрики