31 тамызда Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде 2026–2027 оқу жылындағы Ғылыми кеңестің алғашқы отырысы өтті.
Отырысты ашқан университет ректоры Сaуле Сагинтаева ұжымды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер мен басым бағыттарды белгіледі.
Күн тәртібінде білім беру сапасын одан әрі арттыру, университеттің жаңа оқу жылына дайындығы, инфрақұрылымның жағдайы және ағымдағы мәселелер қаралды. Сонымен қатар Ғылыми кеңестің жаңартылған құрамы таныстырылды.
Баяндамалармен комиссия төрағасы, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Тоты Бузауова, Басқарма мүшесі — академиялық мәселелер жөніндегі проректор Бекболат Нүсіпбеков және Инфрақұрылымды дамыту дирекциясының директоры Гүлназ Мусина сөз сөйледі.
Талқылау қорытындысы бойынша Ғылыми кеңес мүшелері тиісті шешімдер қабылдады.
Жаңа оқу жылы — жаңа міндеттер мен жаңа мүмкіндіктер кезеңі. Университет білім сапасын арттыру, ғылымды дамыту, жұмыс берушілермен байланысты нығайту және заманауи университеттік ортаны жетілдіру бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастырады.
Барша ұжымға табысты оқу жылы, нәтижелі еңбек және жаңа жетістіктер тілейміз!