11 шілде күні Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-ға China Railway Asia — Europe Construction Investment Co., Ltd. компаниясы нарықты дамыту департаментінің директоры Лю Юмин пен аға бизнес-менеджер және аудармашы Бекмұхан Жайдар танысу сапарымен келді.
Қонақтарды университет Басқарма төрағасы – Ректор Сәуле Сағынтаева, Басқарма мүшелері – Ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Әли Мехтиев, Стратегиялық даму және цифрландыру жөніндегі проректор Тимур Қанапьянов, Үздіксіз білім беру институтының директоры Нұрлан Алтынбеков қарсы алды.
Оқу орны туралы, оның құрылу тарихы, Қарағанды өңірінің ғана емес, бүкіл елімізге мәлім болған кадрлар дүкенінің кадрлық және техникалық әлеуеті туралы Тимур Қанапьянов толығырақ таныстырылым жасады. Бұл ретте ол халықаралық ынтымақтастыққа, оның ішінде тиісті меморандумға қол қойылған Қытай Шихэцзы университетімен де байланысқа ерекше назар аударды. Біздің университеттер арасындағы дамып келе жатқан және нығайып келе жатқан ынтымақтастық жоғары оқу орындарының жемісті өзара іс-қимылының жарқын мысалы бола алады.
Өз кезегінде қонақтар China Railway Asia — Europe Construction Investment Co., Ltd компаниясы туралы айтып берді. Олардың Қазақстандағы көлік жүйесін дамытуға, Астанада LRT жобасын іске қосуға қатысып жатқаны бүкіл елімізге белгілі. Қонақтардың әңгімесі компанияның жұмысы мен жетістіктері жайлы мазмұнды бейнефильммен нығайтылды.
Кездесу барысында республиканың жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірі – біздің ЖОО-да оқу үшін ғылыми әлеуетті дамытудан бастап қытайлық талапкерлерді тартуға дейінгі бірқатар мәселелер талқыланды.
Тараптардың ынтымақтастыққа деген қызығушылығы үлкен үміттер мен өзара тиімді уағдаластыққа сенім артады.