Қазан айы Saginov Technical University үшін шетелдік қонақтармен кездесулерге толы болды. Франция Елшілігі өкілдерінің сапарынан кейін, сол күні, яғни 16 қазанда, университеттің Басқарма Төрайымы – Ректор Сауле Сагинтаеваның жетекшілігімен оқу орны Латвиядан келген қонақтарды қабылдады.
Латвия делегациясының жетекшісі – Латвияның Қазақстандағы Елшісі Даце Рутка кездесудің мақсаты туралы айтты. Ол қазіргі уақытта Қазақстанның Латвия үшін Орталық Азиядағы негізгі серіктес екенін атап өтті. Сондай-ақ екі ел арасындағы ынтымақтастық экономика мен саясат салаларында жақсы дамығанын, ал мәдениет пен білім беру салаларында әзірге тығыз байланыс орнамағанын айтты. Осы кездесудің мақсаты – дәл осы олқылықтың орнын толтыру екенін жеткізді.
Бұл бағытта қалай жұмыс істеуге болады, неден бастау қажет және Латвияның жоғары оқу орындары мен олардың филиалдарының қандай мүмкіндіктері бар? Осы мәселелер Латвиядан келген қонақтардың баяндамаларында кеңінен айтылды.
Өз кезегінде, біздің университет туралы дайындалған таныстырылым мен студенттік өмір жайлы бейнефильм қонақтарға Қазақстанның жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірі туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік берді.
Басқарма Төрайымы – Ректор Сауле Сагинтаева және кездесуге қатысқан өзге де өкілдер латвиялық әріптестерімен өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға дайын екендерін білдірді.
Екі тарап арасындағы алғашқы қадамдар жасалды. Бірлескен жұмыстың негізгі бағыттары айқындалды. Демек, латвиялық әріптестермен ынтымақтастық дами түсіп, нығая бермек.