Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде Ғылыми кеңестің кезектен тыс отырысы өтті. Жиын барысында Басқарма Төрағасы – Ректор Сауле Сагинтаева университет студенттері мен оқытушыларының мамыр айында түрлі бағыттар бойынша қол жеткізген жетістіктеріне тоқталып, үздіктерді марапаттады.
Алдымен студенттер Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің базасында өткен XVIII Республикалық пәндік олимпиадада жоғары нәтиже көрсеткені үшін марапатталды. Университеттің командасы «Ақпараттық қауіпсіздік» бағыты бойынша командалық есепте ІІІ орын иеленіп, III дәрежелі дипломмен марапатталды.
Команда құрамында:
• Спартак Несмеянов (СИБ-23-8 тобының студенті);
• Александр Касьянов (СИБ-23-8 тобының студенті);
• Александр Пикалов (СИБ-22-7 тобының студенті).
Команда жетекшісі – Киберқауіпсіздік және жасанды интеллект кафедрасының аға оқытушысы Елена Клюева.
Сонымен қатар, команда мүшелері арнайы грамоталармен марапатталды.
Сондай-ақ Ташкент қаласында өткен браунфилд аумақтарын қайта жандандыру тақырыбындағы халықаралық хакатон қорытындысы бойынша Орталық Азияның 16 университеті арасынан ІІІ орын иеленген университет командасының мүшелеріне арнайы сертификаттар табысталды.
Команда құрамында:
• Александр Бидюк;
• Роман Ременников;
• Ақерке Жұмәқарім;
• Ерик Дьяченко;
• Алина Бақтыбаева;
• Әмір Қасен.
Команда жетекшісі – Оксана Вавилова.
Спорттық жетістіктер де назардан тыс қалған жоқ. Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің құрамасы Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары арасындағы Республикалық студенттік спорт лигасының футзалдан ерлер арасындағы турнирінде ІІ орын иеленді.
Команда жетекшісі – Дене тәрбиесі кафедрасының аға оқытушысы Ерлан Окасов.
Сонымен қатар, университеттің «STU Futsal» стартап-жобасы алғашқы маусымында-ақ 2009–2010 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Freedom BFL біріншілігінде ІІ орынға қол жеткізді.
Басқарма Төрағасы – Ректор Сауле Сагинтаева марапат иелерін жоғары жетістіктерімен құттықтап, олардың университеттің абыройы мен беделін одан әрі арттыра беретініне сенім білдірді. Сонымен қатар, білім мен ғылымда, спорт пен инновация салаларында жаңа жеңістер мен биік белестер тіледі.
Ғылыми кеңес аясында университеттің үздік өкілдері марапатталды
[/su_custom_gallery]





