Saginov Technical University университет ғалымдарын, жас ғалымдар мен докторанттарды ғылыми гранттық өтінімдерді сапалы әзірлеуге арналған семинарға қатысуға шақырады.
Семинарды Universiti Teknologi Malaysia (UTM) ғалымы Khairur Rijal Bin Jamaludin өткізеді.
Семинар тақырыбы: «Writing Competitive Research Grant Proposals» «Бәсекеге қабілетті ғылыми гранттық өтінімдерді дайындау»
Семинар барысында ғылыми идеяны бәсекеге қабілетті гранттық өтінімге айналдыру, зерттеу жобасын дұрыс құрылымдау және оны тиімді ұсыну бағытындағы халықаралық тәжірибе мен практикалық тәсілдер қарастырылады.
Қатысушылар гранттық өтінімдерді әзірлеу ерекшеліктері, зерттеу идеясының өзектілігі мен маңызын көрсету, ғылыми жобаны жүйелі ұсыну және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша практикалық кеңестер алады.
Күні: 6 қазан 2026 жыл Уақыты: 13:10 Өтетін орны: BSP аудиториясы
Қатысуға шақырылады: университет ғалымдары, жас ғалымдар мен докторанттар.
Халықаралық тәжірибе, практикалық кеңестер және зерттеу жобаларын ұсынудағы тиімді тәсілдер – бір семинар аясында.
Ғылыммен айналысатын және ғылыми гранттарға өтінім беруді жоспарлап жүрген зерттеушілер үшін пайдалы кездесу болмақ.