Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде Ғылыми-әдістемелік кеңестің кезекті отырысы өтті.
Кеңес отырысында 2025–2026 оқу жылындағы Ғылыми-әдістемелік кеңестің қызмет қорытындылары мен алдағы оқу жылына арналған негізгі міндеттері қарастырылды. Сонымен қатар, 2025–2026 оқу жылының көктемгі семестріндегі Оқыту сапасын қамтамасыз ету жөніндегі комитеттердің жұмыс нәтижелері талқыланды.
АМД директорының орынбасары Султанова Л.М. Академиялық саясатқа енгізілетін өзгерістер туралы баяндама жасап, білім беру үдерісін жетілдіруге бағытталған ұсыныстарын ұсынды.
Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Маликов Н.М. бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлері бойынша білім беру бағдарламаларына қабылдау кезінде сұхбаттасу бағдарламаларын енгізу мәселесі жөнінде баяндама жасады.
Сондай-ақ, «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы Макалаков Т.Ж. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша МЕК-тің 2025–2026 оқу жылындағы жұмыс есебін таныстырды.
Отырыс барысында ұсынылған материалдар жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды. Кеңес қорытындысы бойынша барлық ұсыныстар мен материалдар Ғылыми кеңестің қарауына және бекітуіне ұсынылды.


