«Қытай көпірі» конкурсы


«Қытай көпірі» халықаралық конкурсы шетел студенттерінің арасында Ханьбань жүргізетін әлемдегі ең ірі халықаралық конкурс болып табылады. «Қытай көпірі» басқа мемлекеттердің студенттеріне Қытайды және қытай тілін түсінуге маңызды жол болды.

2014 ж., 31 наурыз күні Қарағанды мемлекеттік техникалық университеттегі Конфуций Институтында «Қытай көпірі» конкурсының аймақтық кезеңі өтті.

Конкурс үш кезеңнен тұрды: өзін таныстыру, сұрақ-жауап, шығармашылық нөмір. Конкурсқа Конфуций Институтының тыңдаушылары қатысты.

Конкурс нәтижесіне байланысты орындар осылай берілді:

Жунусова Анар Сейсенказиевна

Бабаев Рустам Шамильевич

Нурбаева Арайлым Аманкельдиевна

Жеңімпаздар 2014 ж., 26 сәуір күні Алматы қаласында өтетін «Қытай көпірі» Республикалық конкурстың кезеңіне қатыса алады.

Без рубрики