Ғылым


«Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасы


ҒЗЖ және СҒЗЖ

«Ашық кеніштер мен тіліктердегі геомеханикалық үдірістерді басқару»

  • «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС;
  • «Шұбаркөл көмір» АҚ;
  • «Қазхром» ТНК АҚ;
  • «ССГПО» АҚ;
  • «Жайрем ТБК» АҚ;
  • «Васильковский ТБК» АҚ тау-кен байыту кәсіпорындарымен ҒЗЖ орындауға келісім-шарттар жасалды.

Келісім-шарттар бойынша кейінгі 5 жылда жалпы сомма 37,5 млн. тг.  құрады. Кафедраның 2005 жылдан бастап ғылыми зерттеулері 5 монография, әр түрлі баспалардағы 126 мақалаларда және ғылыми-практикалық конференциялардың баяндамаларында көрсетілді.

15 алдын ала патент және өнертабысқа авторлық куәліктер алынды.

Ғылыми зерттеулер базасында аспиранттармен, магистранттармен және ізденушілермен диссертациялар дайындау жүргізіледі. Кафедрада “Leica” (Gerbie азамат) швейцар фирмасының қазіргі заманғы геодезиялық аспаптарды көрсету бойынша Халықаралық семинар өткізілді.

Кафедраның негізгі ғылыми тақырыбы Қазақстан карьерлерінің кемерлері мен ернеулері еңістерінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, карьерлердің ернеулі массивтерінің геомеханикалық мониторингін жасауға, тау-кен және сәулет-құрылыс өндірістерінде 3D сканерлерді пайдалана отырып, цифрлық технологияларды енгізуге бағытталған.

Экономика салаларын топографиялық және картографиялық қамтамасыз етуде цифрлық технологияларды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын әуеден сканерлеуді және ғарыш түсірілімдерінің көмегімен жер бетін зерттеуді қолдану арқылы орындау жаңа бағыт болып табылады. Ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың жыл сайынғы көлемі шамамен 100,0 млн. теңгені құрайды. Ғылыми тұрғыда кафедра жобалық, ғылыми-зерттеу ұйымдарымен, сондай-ақ тау-кен кәсіпорындарымен тығыз байланыста.

 

Без рубрики