«Құқық білгірлері» облыстық іскерлік ойыны


2025 жылдың 17 қаңтарында Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы және Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Инновациялық технологиялар колледжінің ұйымдастыруымен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Әділеттілік пен жауапкершілік», «Заң мен тәртіп» тәрбиелік идеологиясы құндылықтарын насихаттау мақсатында «Құқық білгірлері» облыстық іскерлік ойыны өтті.

📌 Шараның мақсаты – жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, заңдарды сақтау мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің маңыздылығын түсіндіру.

🗣️Іс-шараны Инновациялық технологиялар колледжінің директоры Смагулова Нурбиби Абсадыковна ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Іскерлік ойынды гуманитарлық және әлеуметтік пәндер оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Умирбекова Гулжазира Шамшибековна және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Такенова Асель Амангельдыевна жүргізді.

Ойын мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізілді. Іскерлік ойынға Қарағанды облысынан 25 құқықтық емес мамандықта оқитын колледж командалары қатысып, заң негіздері мен құқықтық сауаттылықты көрсету бойынша өз білімдерін сынға салды.

📺 Шараға түрлі БАҚ өкілдері, оның ішінде @saryarqatv арнасының тілшілері шақырылып, белсене қатысты.

👮 Қазылар алқасының құрамы:
1. Абдрахманова А.М. — Орталық ПБ ЖПҚБ ЮПТ учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны;
2. Аубакирова Г.А. — ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Академиясының «Құқық және процесс» кафедрасының профессоры, полиция полковнигі;
3. Камали Ж.К. — Қарағанды облысының Антикоррупциялық департаментінің түсіндіру пулінің спикері;
4. Серікбаева С.С. — Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «Мемлекет және құқық теориясы» кафедрасының аға оқытушысы;
5. Сатанова М.С. — Орталық ПБ ЖПҚБ ЮПТ учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны;
6. Тенизова М.К. — «Фемида» Жоғары құқық колледжінің құқық пәндері оқытушысы.

Қазылар алқасының шешімі бойынша жеңіске жеткен жеңімпаздар:
Мемлекеттік тілде:
1️ орын — Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжі ЖММ @kvkbolashaq;
2️ орын — Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Инновациялық технологиялар колледжі @stu_college.itk;
3️ орын — “Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің экономика, бизнес және құқық колледжі” ЖММ @kebpkaruk;

Орыс тілінде:
1️ орын -«Абай Құнанбаев атындағы Саран Жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК колледжі @humanitariancollegeinkrg;
2️ орын — «Қарағанды жоғары медициналық интерколледжі» ЖММ @karmedinterkolledj;
3️ орын-«Академик К.А. Сагинов атындағы Колледж-Мектеп” ЖММ @mba_kubup.

🎁Жеңімпаздар І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталып, Инновациялық технологиялар колледжінің атынан естелік сыйлықтарға ие болды. Ал барлық қатысушыларға білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығынан сертификаттар берілетін болады.

👏Іс-шара соңында қазылар алқасы барлық команданың жетекшілеріне студенттерді дайындағандары үшін және ұйымдастырушылардың шараны жоғары деңгейде өткізгендігі үшін алғыс білдірді.

Без рубрики