«Әскери байланысшылар күні» — бұл барлық әскери салалардағы және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің барлық байланыс қызметтеріндегі әскери байланысшылардің кәсіби мерекесі. Мереке арнайы байланыс жасақтары құрылған күні — 1919 жылғы 20 қазанға арналған.
Әскери байланыс — бұл байланысшылардың күнделікті қиын жұмысы, сонымен қатар жаңа жабдықтар мен мәліметтерді тарату әдістерін әзірлеу және қолдану бойынша тұрақты жұмыс. Әскери байланысшылар көбінесе алдынғы позицияларда жүреді, өйткені ең маңызды міндет әскери байланысшылардың мойнына жүктеледі – ол әскери құрылымдардың басшылық құрамын байланыспен қамтамасыз ету. Әскери байланыс — бұл әскери бөлімдерді ұрыс кезінде де, бейбіт уақытта да басқарудың маңызды элементі.
Әскери байланысшының жұмысы — бұл күнделікті жұмыс, және жауынгерлік, және жаттығу тапсырмаларын тек стационарлық жүйелерде ғана емес, сонымен қатар мобильді құрылғыларда орындау. Сондықтан да әскери байланысшының кәсібіне бүгінде үлкен мән беріліп отырады.
2007 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің әскери кафедрасында запастағы офицерлерді «Құрлықтағы күштердегі байланысты ұйымдастыру» мамандығы бойынша оқыту басталады. Олардың көпшілігі Қарулы Күштерде түрлі лауазымдарда қызмет етеді. 2007 жылдан 2019 жылға дейінгі оқу кезеңінде ҚарМТУ әскери кафедрасын байланысшы мамандығы бойынша 300 ден астам маман бітірді.
Мереке құрметіне әскери кафедрада 2019 жылдың 18 қазанында «Құрлықтағы әскерлерде байланысты ұйымдастыру» әскери-есеп мамандығының офицерлері мен студенттерін құрметтеуіне арналған салтанаттық іс-шара өтті. Іс-шара концерттік бағдарламамен аяқталды.