6 желтоқсанда ҚарМТУ мен Познань политехникалық университеті (Познань қ., Польша) арасында «Қазақстан -үлкен мүмкіндіктер елі»тақырыбында скайп инфо – сессия болып өтті. Познан политехникалық университетінің профессоры Томаш Пайхровски және э.ғ.д. Агата Брановска өз тәжірибелерімен бөлісіп, Қазақстанның жоғары оқу орындарына шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы бойынша ҚарМТУ-да болған есебін оқыды.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Познань политехникалық университетінде оқитын ҚарМТУ студенттерінің Қазақстан мәдениеті туралы презентациялар тыңдалды. Ақпараттық — сессия барысында қатысушылар жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық бойынша жоспарлар мен ұсыныстарды талқылады.