Университетте Негізгі Заңның жаңа редакциясына арналған дөңгелек үстел өтті
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде «Негізгі Заңның жаңа редакциясы – мемлекеттің басты құқықтық және саяси құжаты» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Кездесу барысында қатысушылар Негізгі Заңның қоғам мен мемлекет өміріндегі орны, оның құқықтық және саяси маңызы жөнінде пікір алмасты. Конституциялық қағидаттардың азаматтық қоғамды дамытудағы, құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы және мемлекеттің орнықты дамуын қамтамасыз етудегі рөліне назар аударылды.
Дөңгелек үстелде техника ғылымдарының кандидаты, профессор Қайрулла Қызыров, заң ғылымдарының магистрі, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің аға оқытушысы Сәуле Серікбаева сөз сөйледі. Сондай-ақ Сәулет-құрылыс факультетінің 3-курс студенті Айкүнім Бақтыбай баяндама жасап, студент жастардың көзқарасын ортаға салды.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар үшін елдің басты құқықтық құжатының мәні мен оның қоғамдық өмірдегі маңызын кеңірек талқылауға мүмкіндік берді.








