Университет студенттері, магистранттары, докторанттары және ПОҚ арналған тілдік курстар


Ұлт жоспарының ағылшын тілінде білім беруді енгізу бойынша №79 қадамын жүзеге асыру мақсатында шетел тілдері кафедрасы «Үш тілділік» инновациялық орталығының негізінде 1.10.2015 ж. бастап тұрақты түрдегі Университет студенттері, магистранттары, докторанттары және ПОҚ арналған келесі ақылы түрдегі тілдік курстар өткізеді:

1. Университет ПОҚ және қызметкерлеріне арналған ағылшын тілі курсы (7 ай, айына 8 мың теңге)
2. Ағылшын тілін оқу бойынша деңгейлік курстар (7 ай, айына 8 мың теңге)
3. «Ғылыми-техникалық аудармашы» дәрежесі берілетін кәсіби мақсаттарға арналған шетел тілінің эксперименталды курстары (7 ай, айына 8800 теңге)
4. Деңгей бойынша техникалық тіл (7 ай, айына 8800 теңге)
5. магистратураға түсу бойынша курстар (айлық курс, 11 200 тг айына)
6. Бейінді магистратура магистранттарына арналған «Академиялық мақсаттағы шетел тілі» пәні бойынша (7 ай, 12 000 тг айына)
7. Халықаралық IELTS, TOEFL тестілеріне дайындық курстары (5 апталық курс, бір курс 48 000 тг)

Сонымен қатар ағылшын тілі кафедрасында 1 ғимараттың 529 бөлмесінде әр сейсенбі сайын 9:00- 17:00 аралығында университеттің ПОҚ, магистранттары мен докторанттарына арналған тегін «Conversational English» курстары өткізіледі. Аталмыш курс ШТ кафедрасының ПОҚ бос уақыты негізінде ұйымдастырылады.
Барлық сұрақтар бойынша Шетел тілдері кафедрасына хабарласыңыз 430 б. (1 оқу ғимараты)

Без рубрики