Алматы қаласында өткен «KTZ – ALT INNOVATION» студенттік хакатонында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Ақпараттық технологиялар факультеті, «Ақпараттық-есептеуіш жүйелер» кафедрасының студенттері III орын иеленді.
Жүлдегер команда құрамында:
Кожахметов Давид — ИС-23-4
Капбасов Ануар — ИС-23-4
Селезнев Максим — ИС-24-4
Ткачев Микита — ИС-24-4
Команда жетекшісі — Мутовина Наталья Викторовна.
24 сағат ішінде қатысушылар «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының нақты кейстері бойынша цифрлық шешім әзірлеп, өз жобаларын қазылар алқасына таныстырды.
Студенттерімізді және олардың жетекшісін жүлделі орынмен құттықтаймыз! Жаңа идеялар мен толағай табыстар тілейміз!


