Университет оқытушылары AI және Python бойынша тегін онлайн-курс әзірледі


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің оқытушылары жасанды интеллект пен деректерді талдау бағытындағы білімді меңгеруге арналған жаңа онлайн-курс әзірледі.

«Жасанды интеллектіні қолдана отырып, Python тілінде деректерді талдау және болжау» курсы Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында орналастырылып, бүгінде барлық ниет білдірушілер үшін тегін қолжетімді. Курстың авторлары — университеттің «Ақпараттық-есептеу жүйелері» кафедрасының оқытушылары Наталья Мутовина, Гульнур Абилдаева, Надежда Томилова және Марғұлан Нұртай. Олардың курс авторлары әрі әзірлеушілері екені «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ тарапынан ресми расталды.

Онлайн-курс Python бағдарламалау тілін пайдалана отырып, деректерді талдау мен болжаудың заманауи тәсілдерін, сондай-ақ жасанды интеллект технологияларын практикалық міндеттерді шешуде қолдануға бағытталған.

Курс IT-телекоммуникация кәсіби саласына жатады және жүйелік талдаушы, бағдарламашы-талдаушы, дерекқор талдаушысы секілді мамандықтар бойынша кәсіби құзыреттерді дамытуға мүмкіндік береді.

Университет оқытушылары әзірлеген курстың Skills Enbek платформасында қолжетімді болуы — заманауи цифрлық білімді тек университет аудиториясында ғана емес, кең ауқымды қолданушыларға ұсынуға бағытталған маңызды қадам. Бұл бастама жасанды интеллект, бағдарламалау және деректермен жұмыс істеу бағытындағы өзекті дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді.

Курсқа тіркелу және оқу:
[https://skills.enbek.kz/ru/course-catalog/course/1434](https://skills.enbek.kz/ru/course-catalog/course/1434)

[/su_custom_gallery][/su_custom_gallery]
Без рубрики